Бағдарламасы Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы


Химиотерапевтикалық дәрілер. Антибиотиктер



Pdf көрінісі
бет17/44
Дата18.06.2020
өлшемі0,59 Mb.
#73915
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
ЖОБ Емдеу ісі 3курс каз

Химиотерапевтикалық дәрілер. Антибиотиктер. 

Сульфаниламидті дәрілер. 

  Оқу материалының мазмұны 

Химиотерапиялық дәрілерді қолдану тарихы. Химиотерапияның негізгі 

принциптері. Жіктелуі. 



Антибиотиктер (бензилпенициллин натрий, калий және новокаин тұздары, 

феноксиметилпенициллин, бициллин, цефотаксин, гентамицин, клиндамицин, 

ванкомицин, полимиксин-М, рифампицин) 

 Антибиоздың биологиялық маңызы (Л.Пастер, И.И.Мечников). 

Антибиотиктерді алу және қолдану тарихы (А.Флеминг, Г.Флори, Э.Чейн, 

С.Ваксман, З.В.Ермльева). антибиотикотерапия тұралы ұғым. Оған қойылатын 

талаптар. Антибиотиктердің әсер ету механизмдері, жіктелу принциптері. 

 Бета-лактамдық антибиотиктер. Пенициллин тобындағы антибиотиктер: 

препараттардың жіктелуі, әсер ету спектрі мен механизмі, фармакокинетикасы. 

Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсерлері және қолданылуынан 

ерекшеліктері. Уреидопенициллиндер. Бета-лактамаза ингибиторларымен 

біріктірілген препараттар. Жағымсыз әсерлері. 

 Цефалоспориндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі.  Әсер 

ету спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, әртүрлі қатардағы 

цефалоспориндердің қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. 

 Макролидтер. Әсер ету механизмдері. Микробқа қарсы спектрінің және 

фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Жаңа 

макролидтер (азитромицин), олардың ерекшеліктері. 

 Тетрациклиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жартылай 

синтетикалық тетрациклиндердің әсер ету ерекшеліктері. Әсер ету спектрі мен 

фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. 

 Хлорамфеникол тобы (левомицетин ). Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету 

мехаенизмдері. Әсер ету спектрі мен фармакокинетикасы, қолданылу 

ерекшеліктері. Жағымсыз әсерлері. 

 Аминогликозиттер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әртүрлі 

қатардағы препараттардың әсер ету спектрі мен фармакокинетикасының 

ерекшеліктері, қолданылуы. Терең қордағы антибиотиктер (ванкомицин). 

Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. 

 Стафилакокқа қарсы қолданылатын антибиотиктер. Жалпы сипаттамасы. 

Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі мен фармакокинетикасының 

ерекшеліктері, қолданылуы. Терең қордағы антибиотиктер (ванкомицин). 

Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. 

 Полимиксиндер. Линкозамидтер. Рифампициндер. Жалпы сипаттамасы, әсер 

ету механизмі, әсер ету спектрі мен қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. 

Сульфаниламидті  дәрілер  (сульфадимезин,  уросульфан,  сульфадиметоксин, 

сульфален, 

фталазол, 

сульфацил- 

натрий). 

Олардың 


жіктелінуі, 


 

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы 

044-41/16к 

30 беттің 12 беті

 

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасы 



 

фармакологиялық  әсерлері,  қолдану  көрсетілімдері  мен  кері  көрсетілімдері, 

қолдану тәсілдері, жанама әсерлері, мөлшерлері. 

Практикалық (тәжірибелік) сабақтар 

«Химиотерапевтикалық дәрілер. Антибиотиктер. Сульфаниламидті дәрілер». 

Микробқа  қарсы ( химиотерапевтикалық ) дәрілердің жіктелуі, әсер етуі мен  

қолдану мәселерін талқылау. 

Химиотерапевтикалық  дәрілердің негізгі топтары. 

Әр  түрлі  жұқпалы  аурулар  терапиясының  принциптері.  Химиотерапия  кезінде 

пайда  болатын  асқынулар  және  олардың  алдын-алу.  Химиотерапевтикалық    

дәрілерді  қолдану  әдістері.  Қиыстырылған  химиотерапия.  Дайын  дәрілік 

препараттар  үлгілерімен  танысу.  Есептер  шығару  .  Тағайындалған  мөлшерге 

байланысты  дәрілік  препараттың  мөлшерін  (  көлемін  )  есептеу.  Анықтамалық 

әдебиеттерді  қолданып  рецептура  бойынша  тапсырмаларды  орындау. 

Тестілік 

тапсырмалармен жұмыс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет