Ақида негіздері


саған зікірді (Құранды) түсірдік. Мүмкін олар ойланар»



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата06.07.2020
өлшемі0,6 Mb.
#74919
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
kk El3akeda elsa7e7a

саған зікірді (Құранды) түсірдік. Мүмкін олар ойланар». 


 

Ақида негіздері  

 

9 



                                                                       Нахыл сүресі, 44 аят 

 

Кейбір шала сауаттылар ойлағандай білім дінсіздікке апармайды, бәлкім 



білімі өскен сайын иманы, діндарлығы арта түседі.  

 

Шын парасатты кісі ғылыми ізденістер арқылы адам баласы шексіз кең 



әлемде  өмір  сүріп  жатқандығына,  әлемдегі  әрбір  нәрсенің  қозғалыс  әрекеті 

белгілі бір заңдылыққа негізделгеніне көзін жеткізері сөзсіз.  

 

Өткен  ғасыр  ғалымдарының  бірі    Луи  Пастер  (Ұлыбритания):  «Иман, 



яғни, Жаратушының барлығына деген сенім, ешқашан адамзаттың алға басу 

процесіне тосқауыл болмайды. Өйткені прогресстің әрбір сатысы Аллаһтың 

жаратқан таңғажайып нәрселерін анықтап көрсетіп береді. Егер мен кешегімен 

салыстырғанда бүгін білімдірек болсам, Аллаһқа деген  сенімім де кешегіден 

гөрі басымырақ болар еді.» - деген. 

 

Академик Фай өзінің «Әлемнің негізі» атты кітабында: «Білім өз иесін 



Аллаһты танытуға алып барады» - деген болса, белгілі тарихшы Фебер өзімен 

замандас  дінсіздерге  қарап:  «Әрбір  дәуірдің  өз  ерекшелігі  болады.  Біздің 

дәуірдің ерекшелігі – Жаратушыға деген сенімсіздік. Менің Жаратушыға деген 

сенімімді тартып алғаннан гөрі, терімді сыдырып алса соған разы болар едім!» - 

деп ағынан жарылған. 

 

Атақты  дәрігер  Андрей  Кунавиннен  бір  кісі:  «Естуімше  ғалымдардың 



көбісі  дінсіз  болады  екен.  Бұл  рас  па?»  деп  сұрағанда,  Андрей  Кунавин: 

«Менімше бұл пікір дұрыс емес. Қайта керісінше, мен ғылыми ізденістер мен ой 

бөлісу  нәтижесінде  әлемдегі  белгілі  болған  ірі  ғалымдардың  ешбірі  дінсіз 

еместігіне көз жеткіздім. Бірақ адамдардың өздері олардың сөздерін керісінше 

түсінген» - деп жауап берген.  

 

Атақты Эйнштейн: «Ғылыми ізденістің ең үлкен жетістігі – Жаратушыға 



деген иман!» - дейді. 

 

Профессор Крейси Мэрисон тіршіліктің мәнісі жайлы ойлана отырып өз-



өзіне: «Өмірді, яғни жанды, материя жаратқан ба?» - деген сұрақ қояды. Осы 

сұраққа қатысты ой-пікірін қорыта отырып, ол: «Жалпы мағлұм болған нәрсе 

теңіз-мұхиттар  мен  материялар,  соның  ішіндегі  табиғи  және  химиялық 

өзгерістер ешбір нәрсеге жан кіргізе алмайды. Олай болса адам немесе басқа 

жануарға жан өздігінен кіреді деп айту мүмкін бе?» - деген . 

 

Рух, яғни жан-жануарлардың тіршілігі мен сезіну, ой қорытудың арқауы 



болып  табылады.  Жансыз  дененің  сезу  және  ой  қорыту  қасиеті  жоғалады. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет