Ақида негіздері
11
Бұл аят әлемнің кең екендігіне және бүкіл әлемнің одан әрі кеңейіп
жатқандығына дәлел болып табылады.
Эйнштейн өз сөзінде: «Әлем күн жүйесі сияқты миллиардтаған
жүйелерден (системалардан) тұрады. Ал әрбір жүйеде жүз мыңдаған жұлдыз
бен планеталар бар» - деген.
Әлемнің кеңеюіне телескоптар арқылы көрінетін алыстағы аспан денелері
белгілі бір жылдамдықпен күн жүйесіне алыстап бара жатқандығы айқын дәлел.
Бұл құбылысты астрономдар анықтады. Демек, әлем расында да кеңею үстінде.
Осыдан 14 ғасыр бұрын Құран Кәрім айтып қойған бұл ақиқатқа көз жеткізу
жиырмасыншы ғасырда ғана ғылым және техниканың дамуы нәтижесінде нәсіп
болып отыр.
Құран Кәрім аяттары арқылы адам баласының санасына ой салады:
«Айқын сенетін жандарға жер бетінде белгілер көп»
Зарият сүресі, 20 аят
«Олар еш нәрсесіз өздігінен жаратылды ма, олар өздері жаратты ма?
Немесе олар көк пен жерді жаратты ма?»
Тур сүресі 35-36 аяттар
«Аллаһ Тағаланың баласы жоқ. Онымен бірге де басқа құдай да жоқ.
Болмаса әр құдай өзі жаратқан нәрселерімен болып бір-біріне үстемдік
еткен болар еді»
Мүминун сүресі, 91 аят
Яғни, құдай көп болса олардың арасында бәсеке пайда болып, тіршілік
жүйесіне орны толмас
нұқсан келген болар еді, дейді аят.