Өлке тарихын оқытудағы инновациялық стратегиялар және
патриотизмге тәрбиелеу мәселелері
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Біздің халқымыздың тарихына бірегей рухани тәжірибе, аса бай
интеллектуалдық және адамгершілік, эстетикалық күш-жігер, ұшан теңіз жан
дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой қабілетінің күш- қуаты бар.
Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері - бұл Атамекенге деген
сүйіспеншілік, азаматтық парызы, әлеуметтік оптимизм, басқа адамның
өміріне деген түсіністікпен қарап, оған қол ұшын беру. Осыдан тарихи сана
арқылы жан-жақты дамыған тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруда
тарих пәнінің орны ерекше. Оқиғалардың тарихи оқиға желісін түсінуге,
тарихтың мәдени иделогиялық идеясын, тарихтың бұралан жолын сезініуіне
негіз жасау.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекеті екенін барша
әлемге дәлелдеді. Ендігі міндетіміз-мемлекеттің жағдайын көтеру.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азамат өз үлесін қосуы тиіс. Осы
мақсатты жүзеге асыру үшін біздер, ұстаздар қауымы ат салысуымыз
керек. Ол дегеніміз - болашақ жастардың, оқушылардың патриоттық
сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата
Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін
тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу
орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып
табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді [1].
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің
өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік",
"патриотизм" ұғымдары сол заманның ақиқаты наным-сенімінен туындайды.
Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-
қазақстандық патриотизм болды. Ерте заманда қазақтың тілінде
«патриотизм» деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз
қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын,
Отанын сүюден туындайды.Раtriotes (грекше) — отандас деген ұғымды
береді. Patris Отан, туған жер деген сөз. Патриотизм туралы идеяларды
кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу -
Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы -
жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет
Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің
егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге
келтірілді.
Ю.А.Конаржевский: «Кім жақсы білсе, сол ғана жақсы оқыта алады»
деген [2].
Бүгінде сабақ берудің түрі мен әдісі өте көп, тек пән мұғалімі өзінің
сабағына қажеттісін және өте пайдалысын ғана таңдап алуға тиіс.
Әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды енгізуде педагогтар
іс - тәжірибесімен қаруланумен қатар, әр сабақты технологияландыру
негізінде инновациялық тұрғыда құрулары қажет. "Инновация" деген сөздіңі
қазақша аудармасы "жаңару, жаңалық өзгеру" деген мағынаны білдіреді.
Инновация- жаңалықты іздеу, тарату енгізу және іс жүзінде қолдану үрдісі.
Пәнді игерудегі оқушылардың жүйелі білім алуындағы ғылыми
көзқарастарды
қалыптастырып,
шығармашылыққа
баулуға
болады.
Оқытудың барлық әдіс- тәсілдері дидактикалық үрдіс жағдайында жүзеге
асырылады. Дидактикалық үрдіс, оқушының таным белсенділігімен мұғалім
басшылығынан тұратыны белгілі. Осыған орай таным белсенділігін
арттыруда зейін әдісіне арттыруға ден қоюға болады. Зерттеу әдісі өздік
зерттеу жұмыстарынан, тәжірибелік жұмыстардан, байқау бағдарлау
негізіндегі топтың серуендік және шығармашылық тапсырмаларынан тұрады.
Оқушыларға базалық материалдармен қатар үнемі қосымша материалдар
беріледі. Осыған орай рефераттық жұмыстар жасалады, олар қорғалып,
шығармашылық кештер ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылып
отырады. Бұл жерде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқуышы ең бастысы еңбектенуге үйренеді осы әдісті топпен жүргізуге
болады. Оқушылар ұжыммен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, жолдастық
өзара көмекке, артта қалмауға тырысады.
Негізгі әдіс-тәсілдерді таңдаған кезде көңіл бөлетін жағдайлар:
Материалдың мазмұны.
Қолдағы бар құрал-жабдықтар.
Тарихи білімнің жүйелілігі.
Яғни сабақта қажетіне қарай қолдану керектігін ұстанамын.
Оқыту әдісі үйлесімді болуы үшін:
а/ сабақтағы алға қойған мақсат пен міндеттерді шешуге оқыту әдістерінің
барынша бағытталуына көңіл бөлемін.
ә/ сабақтың мазмұнына әдістердің сәйкес келуін назарда ұстаймын.
б/ таңдалынған әдістің материалдарына мүмкіндігінше сәйкес келуін
қадағалаймын.
в/ сабақ барысында әдіс-тәсілдерді шебер пайдалана білуге тырысамын.
Осы үйлесімділік толық жүзеге асу үшін күнделікті сабақта өз кезегінде
тақырыпқа байланыстырып, аймақтық компонентті қолданамын:
Сөздік
Көрнекілік
Зерттеу әдісі
Өз бетімен жұмыс
Өзін -өзі бақылау
Сұрақ-жауап т.б. тиімді әдіс-тәсілдер.
Бақылау, диктант, картамен жұмыс, қатемен жұмыс, жоспар жасау, мәтіннің
ішіндегі ең негізгісін табу, әр түрлі сызба нұсқалар түсіру, ия-жоқ, қалып
қойған ойды толықтыру, жұмбақ тапсырмаларды беріп отыру арқылы
баланың білімін жетілдіруді әрі сергітіп отыруды көздеймін.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыта отырып, оқушыны
терең зерттеу үшін төмендегі кестені қолданып, тоқсанына 1 рет толтыруға
болады.
Нені жақсы меңгердім
Неден қиналамын
Қай тақырып ең қызық
Өзімді қалай бағалаймын
Алдымдағы жоспар
Білімімді жетілдіру
Өзімді- өзім тәрбиелеу
Осылайша оқушы өз жұмысына талдау жасай отырып, ары қарай
істелінетін жұмыстың бағытын айқындайды. Бұл әдістер білім алушыларды:
Өз бетінше білім алуға.
Тарихи – білім –білік дағдыларын дамытуға.
Шығармашал тұлға қалыптастыруға.
Өзіне және басқаларға сын көзбек қарауға үйретеді.
Тәжрибелі әдіскер, әрі ғалым Қ.Тасболатов былай деген:
«Оқушылардың танымдық – шығармашылық ойын дамыту ісіндегі
тәсілдердің бірі – материалда проблемалықпен оқыту». [3]
Тарихи-танымдық білімді одан әрі дамытуда түрлі шығармашылық
жұмыстарды аймақтық компонент материалдарын іздестіруді проблемалық
мәселе етіп қоямын да, табылған компоненттерді сабақта талдатамын.
оқиғаны суреттеу.
салыстыру
сипаттау.
шағын пікірталас жасау.
толықтыру немесе т.б. зерттеу бағындағы тапсырмаларды орындатамын.
Білім алушылардың туған елі мен жері туралы тарихи білімін жетілдіру
үшін сабақтың ретіне қарай төмендегі өлкетану материалдарын
пайдаланамын. /Аймақтық компонент бойынша/.
Тарихи тұлғалардың іздері. /Тарих: Таным мен тағлым айдары/
Туған өлкеден шыққан еңбек ардагерлері /фото альбом, өмірбаяны, сызбалар/
Оқыту тәсілдерінің оқышыларды ойландыратындай болуына ерекше мән
беруге болады. Оқыту тәсілінің ұтымды болуына әсер ететін фактілерге
сүйенуге болады.
Оқушының жауапкершілікті түсініп, өздігімен ізденіп, талдап, өз
пікірін, көзқарасын қалыптастыру деңгейіне жетуі үшін үнемі даму үстінде
болуы қадағалай отырып, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуға болады.
Шығармашалақты ұйымдастыруға мақсаты:
оқушыларды еркін, шешен сөйлеуге.
шығармашылық қабілеттерін дамытуға.
ауқымды ойлауға.
өз позицияларын /ұстанымдарын/ дәлеледеп шығуға тәрбиелеу.
Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты
түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу
бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді. Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырудың сызба нұсқасы төменде көрсетілген:
Аталғандардың
ішінде
тарихи
өлкелік
бағыты оқушыларды
оқытқанда жүзеге асырырылып, ықпалын тигізді. Мәселен, 6,7 сыныптарды
алатын болсақ: «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері», «Туған өлкенің
жылнамасы» т.б. да тақырыптар оқушыларға үлкен әсерін тигізді. Бұл
сабақтарда әр түрлі әдістерді қолдануға болады:
Ой қозғау;
Шығармашылық жұмыстар;
Пікір айту;
Мәтінмен жұмыс;
Шығармашылық ізденіс;
АКТ қолдану;
Оқушылардың
патриоттық
сезімдерін, Отанға деген
сүйіспеншілігін ояту
мақсатында
жүргізілетін сабақ түрлері
Сабақ
Сынақ
Дебат
Семинар
Сайыс
Ауызша
журнал
Топпен, жекелей
Саяхат
Конференция
Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері
Шығармашылық:
жұмыс: сайыс, баспасөз, сынақ
Конференция
Зерттеу
Ізденушілік
Салыстыру
Оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасады. Кейіпкерлерге
мінездеме бере отырып, оларды өздеріне үлгі етті. Сабақ барысынан
үзінді:
Сабақта келтірілген тапсырмаларға тоқталсақ : «Ауған соғысы»,
Достарыңызбен бөлісу: |