4.6-ресурс. Математиканың басқа ғылымдармен байланысы
1-тапсырма: ақпаратпен танысып, ойланыңыз, өз тәжірибеңізден дәлел
келтіріңіз.
Математика және жалпы ғылым
Ғылымның математикасыз мағынасы жоқ, себебі химиялық реакциялар, ғылыми
теориялар,
элементтердің
бөлшектері
тек
математиканың
көмегімен
анықталады/есептеледі. Жұмыс, энергия, электр қуаты, қозғалыс, гравитация, магнетизм,
т.б. ұғымдарды анықтауда математика қолданылады.
Математика мен физика
Физиканы түсіну үшін баланың матемадикадан терең білімі болуы керек (әдетте
физика ережелері математика арқылы тұжырымдалады); ол осы ережелерді практикада
орындалатын түрде көрсетеді. Физика ғылымының әрбір кезеңінде математикалық
есептеулер жүреді. Шарль заңы математикалық есептеулерге, сұйықтық, қысым, үйкеліс
күші, қозғалыс заңдары, гравитация, импульс, т.б. ескерілетін сандық есептерге
негізделген.
Математика мен химия:
Органикалық қоспалардың молекулярлық массалары математиканың көмегімен
есептеледі.
Химиялық қосындылар мен қоспалардың құрамды бөліктерін өлшеу; эмпирикалық
немесе молекулярлық формулалар бойынша есептеулер; химиялық теңдеулерді шешу;
атом элементінің электрондық құрылымын есептеу; Шарль заңы (газдың ұлғаюы)
математикалық есептеулерге негізделген.
Математика мен биология
Математика мен биологияның өзара байланысы (корреляция) өте жоғары.
Оңтайлы салмақ, калориялық (құнарлылық), тыныс алу жылдамдығы, тағамның
құнарлылығы, транспирация (булану), нәресте салмағының 9 айға дейін өсуі, адамның
сүйектерін санау; артериялық қысымды өлшеу; қан топтарындағы wbc және rbc мөлшерін
анықтау; жыныстық хромосомалар – барлығы математиканы қолданып есептеледі.
Математика және әлеуметтік ғылымдар
Балаларға арналған тақырыптарды (модуль) аяқтаған соң оқушы график түрінде
берілген ақпаратты оқып, түсініп, әртүрлі сызбалар жасай алады. Мысалы, халықтың
санын, орналасу тығыздығын, жан басына шаққандағы кіріс мөлшерін салыстыру үшін
оқушылар әртүрлі диаграммалар салады.
Математика және география
Географияда 3 түрлі математикалық модель қолданылады.
1. Құбылыстарды кеңістікте үйлестіруді ескермей құрылған модель. Оның
нәтижелері картографияда қолданылмайды.
2. Нәтижелері картографияда қолданылатын модельдер, мұнда кеңістіктегі орналасу
математикалық алгроитмдердің орындалу кезеңдерінде есепке алынады.
3. Кеңістіктік аспектілерін ескермей математикалық есептеу жасау мүмкін емес
модельдер.
Модельдеу әдістерін қолданудың әртүрлі кезеңдері пайдаланылады:
• Алынған деректерді талдау;
• Жиналған деректерді жүйелеу;
• Табиғи құбылыстарды сипаттау;
• Жағдайдың қалай дамитынына болжам жасау
Математика және тарих
Тарих ғылымында матетематика әртүрлі салаларда қолданылады, мысалы даталарды
есептеу мынадай мысал келтіруге болады: Үндістанды ағылшындар қанша жыл бойы
басқарды? Тәж Махал мешітінің құрылысына қанша қаражат жұмсалған? Бұл бізге тарих
туралы жаңа ақпарат береді.
Сілтеме:
https://sibac.info/shcoolconf/natur/vii/32693
https://tovacom.ru/matematika/svyaz-matematiki-s-drugimi-naukami/