Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын дамыту


жылдардағы зерттеулердің тапсырмаларын терең зерделеу қажет болады



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата05.08.2020
өлшемі205,47 Kb.
#76113
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-дәріс. Кіріспе

жылдардағы зерттеулердің тапсырмаларын терең зерделеу қажет болады. 

  

7-слайд.

 

ВИДЕО 

 

8-слайд.

  Жоғарыда  айтылғандарға  орай,  Сізге  «іргелі»  білім  негіздерін 



меңгертуден  «тәжірибеге  бағдарланған»  (құзыреттілікке  негізделген)  білім  беруге 

бейімдеу  үшін  оқыту  бағыт-бағдарыңызды  қайта  қарастыруды  ұсынамыз.  Оқу 

материалын бекітуге арналған тапсырмалар оқушыны өз бетінше шешім қабылдауға

яғни  өз  көзқарасын  білдіруге  және  өз  шешімдерін  негіздей  білуге  дағдыландыруға 

бағытталуы тиіс. 

Сонымен,  біздің  курсымыздың  мақсаты  оқушылардың  функционалдық 



сауаттылығын  дамытудағы  педагогтердің  кәсіби  құзыреттілігін  жетілдіру  болып 

табылады. 

 

   Курстың мақсаттары:  



1)    функционалдық  сауаттылықты  оқушыларда  ХХІ  ғасыр  дағдыларын 

дамытудың қажеттілігі ретінде қарастыруды және дамытуды үйрену;    


2)    оқу  материалының  мазмұнын  қайта  қарау  және  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық ойлауын дамытуға арналған әдіс-

тәсілдерді қолдануды үйрену;  

3)  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  және  шығармашылық 

ойлауын  дамытуға  арналған  өткен  жылдардағы  зерттеу  тапсырмаларының 

мысалдарын  қолдана отырып сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіру.  

 

9-слайд

Құрметті әріптес! Курс қашықтан оқыту тәртібінде өткізіледі, сондықтан 

Сіз  барлық  материалдарды  өз  бетіңізше  зерделей  аласыз,  сондай-ақ  әріптестеріңізбен 

өзара  талқылап,  пікір  алмасуға  және  тапсырмаларды  бірлесе  орындауға  мүмкіндігіңіз 

болады.  Біздің  міндетіміз  Сізге  оқушыларды  кезекті  халықаралық  тестілеуге  дайындау 

барысында  пайдалы  болатын  ресурстарды  жан-жақты  зерделеп,  қарастыру  мүмкіндігін 

ұсыну болып табылады.  

 

- Әр модульде  қамтылған  материалдар:      

 -  модуль  тақырыбы  қарастыратын    басты  мәселелердің  мазмұнын  ашатын 

дәріс;  

 -  ой  елегінен  өткізіп  одан  әрі  оқыту  мен  оқу  практикасында  пайдалануға 

ұсынылған таныстырылым  мен  түрлі ресурстар; 

-  қысқа мерзімді сабақ жоспарын қайта жіті  қарауға  қатысты зерттеуді   және 

талдауды  қажет ететін  практикалық тапсырмалар

осыған  дейінгі  зерттеулердің  тапсырмаларын  қолдана  отырып    өз  пәні 

бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасына  сәйкес  қысқа  мерзімді 

сабақ жоспарын әзірлеу 

 

 

  



  Құрметті әріптес, курс мазмұнын меңгеруде сәттілік тілейміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет