Сабақтастығы Әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата05.08.2020
өлшемі0,52 Mb.
#76213
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1410281492418 (1)

 

 

                                                                               © 

Ы. Алтынсарин атындағы  

   

Ұлттық білім академиясы, 2013 



 

 




Кіріспе 

 

Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіруі 



үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу 

жағдайында  тұлғаның  ең  басты  функциялық  сапалары  белсенділік, 

шығармашыл  тұрғыда  ойлауға  және  шешім  қабылдай  алуға,  кәсіби  жолын 

таңдай  алуға  қабілеттілік,  өмір  бойы  білім  алуға  дайын  тұруы  және  т.б. 

функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады. 

Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы 

«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын  іске  асыру  мақсатында  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған 

ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (бұдан  әрі  –  Ұлттық  жоспар)  ҚР  Үкіметінің 

Қаулысымен бекітілді [1]. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім 

сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының  мақсаттылығын, 

біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз  етуге  бағытталып,  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үдерісін  мазмұндық,  оқу-әдістемелік, 

материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар  кешенін 

қамтиды [2]. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  жалпы  бағдары 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [3]. Ондағы басты 

мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 

оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 

білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 

«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 

өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге 

қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз 

білім  беру  жүйесінің  маңызды  буыны  болып  саналатын  жалпы  білім  беретін 

орта мектептердегі әрбір  пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып 

табылады. 

Функционалдық  сауаттылық  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің 

деңгейін  және  оқушылардың  өнімді  жұмысының  көрсеткішін  білім  деңгейі 

ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды 

шешуде  мектептік  білім  мазмұнының  қолданбалық  сипатына  және 

оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен 

практикалық  іс-әрекеттердің  дағдылары  мен  әлеуметтік іс-тәжірибені  меңгеру 

үшін  оқушылардың  білім  алу  барысында  негізгі  және  пәндік  құзыреттіліктері 

қалыптасуы тиіс. 

 




Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген 12 жылдық білім 

беру жүйесінің мақсаты – құзыретті тұлғаны, яғни өзінің білімі мен іскерлігін 

пайдалана  отырып,  өздігінен  әртүрлі  мәселелерді  шеше  білуге  қабілетті 

тұлғаны  қалыптастыру.  Құзыреттілік  тұрғыда  білім  беру  білім  мазмұнының 

тұлғалық  бағдарын  нығайтуға  және  оны  едәуір  практикаға  бағыттауға 

мүмкіндік  береді.  Сондықтан  құзыреттілік  тұрғыдағы  білім  беру  шеңберінде 

білім көлемінің ұлғаюына қарағанда, әрекеттердің жан-жақты тәжірибелерінің 

меңгерілуі басымды болып табылады, яғни әртүрлі жағдайлардағы іс-әрекеттер 

мен амалдардың жекелей жинақтары кеңейтіледі. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасына сай 

зерттеулерде  функционалдық  сауаттылық  әр  азаматтың  міндеті  ретінде 

қарастырылып, әрмен қарай кәсіби сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған 

[4]. 

Функционалдық  сауаттылыққа  бейімделу,  оның  қалыптаса  бастауы 



бастауыш  мектептен  бастау  алады.  Қазірде  олар  оқитын  пән  оқулықтарының 

мазмұны  көбіне  алғашқы  сауаттылықтан  басталып,  әрмен  қарай  дамып, 

жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, 

білік,  дағдылардың  қайсылары  функционалдық  сауаттылыққа  жол  ашады? 

Олардың  басқалардан  ерекшелігі  неде?»  деген  сүрақтарға  өздері  жауапты 

қарап,  шәкірттердің  санасына  сіңірудің  әдіс-тәсілдерін  жан-жақты  қолдануды 

басшылыққа  алуы  орынды.  Ол  үшін  функционалдық  сауаттылыққа  жататын 

білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара 

тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен 

байланыстыру қажет. 

Осыған  орай  12  жылдық  білім  беруде  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндері 

білім  мазмұнының  кіріктірілуі  мен  сабақтастығын  іске  асырудың  негізгі 

жолдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады.  

Сонымен  қоса  білім  беру  деңгейлеріндегі  оқушының  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын 

талап  етеді.  Ол  білім  берудің  мақсатынан  бастап  оқытудың  түпкі  нәтижесіне 

дейінгі  аралықтағы  компоненттердің  бірлігі  арқылы  жүзеге  асуы  тиіс. 

Сондықтан  мақсатқа  қол  жеткізудің  басты  құралы  саналатын  білім  мазмұнын 

білім  беру  деңгейлерінде  оқушының  функционалдық  сауаттылығына  негіздеп 

құру тиімді болмақ. 

Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  12  жылдық  мектептің  білім 

беру  деңгейлеріндегі  оқу  пәндерінің  мазмұндық  бағыттарын  анықтауға 

арналған әдістемелік құралы ұсынылады. 

Әдістемелік  құралда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудағы  оқу  пәндерінің  мазмұндық  бағыттары,  білім  беру 

деңгейлерінде білім мазмұнының кіріктірілу мен сабақтастықты жүзеге асыру 

жолдары,  бейіндік  мектептегі  базалық  және  бейіндік  білім  мазмұнының 

кіріктірілу  ерекшеліктері,  мектептік ғылыми  жобалар  және  оларға  қойылатын 

талаптар берілді. 

 



 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет