Сабақтастығы Әдістемелік құрал


  11-12- сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылы-ғын



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата05.08.2020
өлшемі0,52 Mb.
#76213
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1410281492418 (1)

3  11-12-

сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылы-ғын 

қалыптастыруда  базалық  және  бейіндік  білім  беру  мазмұнының 

кіріктірілуі мен сабақтастығы 

 

12 жылдық мектептің орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұны саралау, 

кіріктіру  және  кәсібилендіру  негізінде  жүзеге  асырылуды  көздейді.  11-12 

сыныптарда  әлем,  қоғам  және  адам  туралы  жүйелендірілген  түсініктер 

меңгеріліп,  оларды  өздігінен  кеңейтуге,  тереңдете  білуге  көшу  қамтамасыз 

етілуі тиіс.  

Бұл тұрғыда жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

жүйеге  келтіріп  дамыту  бойынша  әлемдік  тәжірибенің  озық  үлгілерін 

пайдалану  оң  нәтиже  бермек.  Әлемнің  Германия,  АҚШ,  Франция,  Англия, 

Жапония,  Швейцария  т.б.  сияқты  дамыған  елдердің  білім  жүйесін  талдауда 

көрсеткендей, олардың бәрінде орта мектеп 12 немесе 13 жылға дейін созылып, 

соңғы 2-3 жылда міндетті түрде бейінді оқыту жүзеге асырылады. Осы елдердің 

барлығында  оқушыларға  жалпы  білім  беру  қатар,  бейінді  оқыту  сатысында 

оларды  әрқайсысының  жеке  интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттеріне, 

рухани  сұраныстарына  бейімдей  отырып,  даралап,  жеке  білім 

бағдарламаларымен  оқыту  тәжірибелері  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылықтарын арттыруға бағытталғаны анықталды [19]. 

Экономикалық  жағынан  дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мынадай 

ерекшеліктері айқындалды [20]: 

− 

білім  берудің  стандарттары  мен  оқу  бағдарламалары  өмірлік  маңызды 



дағдыларды  дамытуға,  оқушының  жеке  басының  қызығушылығы  мен 

талғамдарын  ескеруге,  дамытуға,  олардың  бойында  жалпы  оқу  іскерліктерін 

қалыптастыруға,  сондай-ақ  әрбір  оқушының  және  қоғамның  мүддесі  мен 

қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге 

және дамытуға бағытталған; 

− 

білім  нәтижелері,  ақпараттарды  өздігінен  табу  мен  өңдеу  біліктілігін 



қалыптастыру,  ақпараттық  технологияларды  тиімді  пайдалану,  өздігінен  даму 

және  өзін-өзі  бағалау  дағдыларын  қалыптастыру  оқушылардың  жеке 

мақсаттарымен байланыстырылған. 

Әлемдегі озық тәжірибелерді негізге ала отырып, еліміздің 12 жылдық білім 

беруге  көшудегі  11-12  сыныптарда  бейіндік  оқыту  жаратылыстану-

математикалық,  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттары  және  олардың  ішкі 

бағдарларға  бөлінуі  бойынша  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнын  саралау, 

жүйелеу,  кіріктіру  және  кәсіптік  бейімдеу  жолымен  оқушылардың 

қабілеттеріне, бейімділіктеріне, өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім беру 

бағдарламаларын  таңдап  алуына,  сапалы  білімді  игеруіне  мүмкіндік  беруді 

мақсат етеді. 

Осы  мақсатқа  сәйкес  жоғары  сыныптарда  бейіндік  оқыту  барысында 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  басымды 

бағыттарын тұжырымдауға болады [21, 22, 23, 24]: 

28 

 



– 

оқушыларының  алған білімдерін  өздігінен  практикалық іс-әрекеттерінде 

тиімді  қолданулары  мен  өзін-өзі  дамытулары  үшін  құзыреттіліктері  мен 

қабілеттерін дамыту; 

– 

оқушылардың  оқу  пәндерін  оқуға  ынта-жігерлерін  күшейту,  жаңашыл 



ойлау мен сыни тұрғысынан ойлауды, өздігінен білім алуды қалыптастыру; 

– 

білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын күшейту, оқытудың жүйелі-



әрекеттік әдістерін пайдалану және оқу-өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру 

арқылы оқушыларға кәсіби-бейімделген оқуды ұйымдастыру; 

– 

жаңа  мазмұнды  бейіндік  пәндер  және  қолданбалы  курстар  мен  таңдау 



пәндері  арқылы  оқушылардың  жекелей  білім  беру  траекторияларын  жүзеге 

асыру; 


– 

оқу үдерісінде моделдеуді, жобалау мен құрастыруды іс-жүзінде қолдану 

дағдыларын  дамыту,  эксперименттік  есептер  және  өмірлік  мәселелерді  шешу 

әдістерін пайдалануды кеңейту; 

– 

кәсіптік  мектеп  пен  өндіріс  саласының  арасындағы  әлеуметтік 



серіктестікті  дамыту  жолымен  инновациялық  технологиялар  мен  қазіргі 

заманғы өндірістің бастапқы негіздерін игеруге мүмкіндік жасау; 

– 

бейіндік  оқыту  мен  басқа  да  кәсіптік  білім  беру  деңгейлерінің 



мазмұндарын  және  әдістерін  кіріктіру:  кадрларды,  ақпараттық  және  ғылыми-

өндірістік ресурстарды үйлесімді пайдалану; 

– 

бейіндік  мектеп  пен  бизнестің  арасындағы  тиімді  ынтымақтастықты 



дамыту:  оқыту  бағдарламаларын  құрастыруда  жұмыс  берушілердің  қатысуы, 

оқу-өндірістік  базасында  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  және  сабақтың 

тәжірибелік  бөлігін  өткізу,  оқыту  нәтижелерін  бағалау,  кәсіби  мамандықты 

оқуға және меңгеруге ынталандыру; 

– 

еңбек  нарығының  сұранысын  ескере  отырып  бейіндік  оқытуда  бейіндік 



пәндерді кіріктіру, кәсіпкерлік қызмет дағдыларына бейімдеуді қалыптастыру; 

– 

еліміздің  индустриалдық-инновациялық  дамуы  мен  экономикадағы 



өңірлік  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  өмірлік  келешектерді  саналы  түрде 

анықтауға оқушыларды дайындау; 

– 

оқушылардың  жаңашылдықпен  ойлауын  және  креативтілігін,  өздігінен 



ғылыми-зерттеу  және  жобалау  іс-әрекеттерін  жасау,  өздігінен  білім  алу 

дағдыларын қалыптастыру; 

– 

ауылдың  әлеуметтік  жағдайларын  ескере  отырып,  ауылды  сақтау  мен 



дамыту  мақсатында  ауыл  шаруашылық  мамандықтарының  алғашқы  деңгейін 

игерулері үшін ауылдық аймақтарындағы оқушыларға жағдайлар жасау. 

Көрсетілген  бағыттарды  жүзеге  асыру  арқылы  12  жылдық  мектептегі 

бейіндік оқыту: 

– 

оқушыға  тек  қана  базалық  білім  алып  ғана  қоймай,  бейімі  мен 



икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар береді;  

– 

оқушының  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы  біртұтас,  аяқталған  білім 



жүйесін  меңгеруін,  функционалдық  сауаттылығының  дамуын,  тұлғаның 

интеллектуалдық,  рухани-адамгершілік  және  физикалық  дамуын  қамтамасыз 

етеді; 

29 


 


– 

типтік оқу жоспарының инварианттық компоненттегі базалық пәндер мен 

жаңа  мазмұнды  бейіндік  пәндер  және  вариативтік  компоненттегі  таңдау 

пәндерімен оқу үдерісін ұйымдастырады. 

Базалық пәндер білім беру деңгейлері мен білім салалары бойынша базалық 

білім  мазмұнының  жүйелілігін,  сабақтастығын  және  үздіксіздігін;  барлық 

оқушылар  үшін  білімнің  тең  мүмкіндігі  мен  тең  қолжетімділігін  қамтамасыз 

етіп, алты білім саласының құрамына енеді: «Тіл және әдебиет», «Математика 

және  информатика»,  «Адам  және  қоғам»,  «Жаратылыстану»,  «Технология», 

«Дене  шынықтыру».  Осы  білім  салаларындағы  базалық  пәндердің  мазмұны 

жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдардың  меншік  нысанына,  типі  мен  түріне 

қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды 

жалғастыруға  жеткілікті  болатын  білім  мазмұнының  құрамы  мен  көлемімен 

анықталады. 

Бейіндік  пәндер  жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-

гуманитарлық  бағыттарына  және  олардың  ішкі  бағдарларына  сәйкес  әртүрлі 

сараланған  түрде  болады;  жаңашыл  және  практикаға  бағытталған  мазмұнды 

қамтиды;  бейіндік  оқыту  аясында  жекелей  және  аралас  пәндерді  кіріктіру 

жолымен  орта  мектеп  пен  жоғары  мектептің  бакалавриат  бағдарламасындағы 

сабақтастықты қамтамасыз етеді. Олардың мазмұны білім беру сұраныстарына 

сәйкес  анықталып,  қолданбалы  сипаты  күшейтілген,  базалық  пәндерді 

тереңдетіп  оқытуға  бағытталған,  оқушылардың  қабілеттерін,  жеке 

бейімділіктері  мен  қажеттіліктерін  ескеріп  жіктелген,  болашақ  мамандығына 

бейімделген білім мазмұнының құрамы мен көлемімен анықталады. 

Бейіндік  оқытуда  базалық  пәндер  мен  бейіндік  пәндер  инварианттық 

компонентке  міндетті  пәндер  ретінде  енгізіліп,  мазмұндары  кіріктіріліп, 

сабақтастықпен оқушылардың кәсіби бағдарлы білім алуы мен функционалдық 

сауаттылығын  дамытуға,  жоғары  рухани-адамгершілік  және  тұлғааралық, 

этносаралық  қатынас  мәдениеттерді  оқушылардың  бойына  сіңіруге,  тұлғаның 

өзін-өзі тануы мен өз мүмкіндігін іске асыруын дамытуға, адамгершілік қарым-

қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамытуға бағытталады. 

11-


12  сыныптардағы  жаратылыстану-математикалық  бағыты  оқушы 

тұлғасының  интелектуалдық  әлеуетін  дамыту  мақсатында  физика-

математикалық  және  химия-биологиялық  бағдарлар  бойынша  білім  беруді, 

оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік 

ойлауын  қалыптастыруды,  әртүрлі  өмірлік  жағдайларға  және  болашақ  кәсіби 

қызметіне  қажетті  оқушылардың  аналитикалық,  практикалық  біліктері  мен 

дағдыларын жетілдіруді көздейді (2-кесте). 

11-


12  сыныптардағы  қоғамдық-гуманитарлық  бағыты  оқушылардың 

гуманитарлық  даму  ортасын  жасау  мақсатында  филологиялық,  тарихи-

құқықтық  және  әлеуметтік-экономикалық  бағдарлар  бойынша  білім  беруді, 

Қазақстан  тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне, құндылықтарына құрметпен 

қарауды  оқушылардың  бойында  қалыптастыруды,  келешекте  табысты 

әлеуметтенуге  қажетті  тіл-қатынастық  біліктер  мен  дағдыларды  жетілдіру 

үшін  тарихи-мәдениеттік,  әдебиеттік  және  көптілді  білім  беруді  көздейді  (3-

кесте). 


30 

 



Жалпы орта білім беруді бейіндендіру жағдайында мектеп пен жоғары білім 

берудің сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында жоғары мектеп  жалпы білім 

беретін  пәндер  циклінің  жеке  пәндері  бейіндік  оқытудың  «Бейіндік  мектеп» 

бағдарламасына кіріктірілетін болады.  

Кіріктіру ұстанымы арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының 

өзара байланыстылығы туралы түсініктерді қалыптастыру мүмкіндігі туады.  

Осыған  орай,  қазіргі  талаптарға  сай  оқытуды  бейіндендірудің  мазмұнын, 

құрылымын, бағыттарын негіздеуде бейіндік оқытудағы базалық және бейіндік 

білім беру мазмұнының ерекшеліктерін анықтадық (2, 3-кестелер). 

 

2-



кесте – 11-12 сыныптардағы жаратылыстану-математикалық бағыты 

 

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  



базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктері 

Химия-


биологиялық 

бағдар 


– 

базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English for specific purposes (ағылшын 

тілінде)»,  «Химия  (тереңдетілген)»,  «Биология  (тереңдетілген)», 

«Физикалық  химияға  кіріспе»,  «Биохимия  және  биотехнология 

негіздері», «Экология және тұрақты даму», «Технологиялық үдерістерді 

моделдеу»  бейіндік  пәндерді  оқыту  арқылы  бағдардың  даму  әлеуеті 

кеңейтіледі; 

– 

коэволюциялық,  синергетикалық  парадигмаға  негізделген  химия-



биологиялық  білім  берудің  жаңа  тұжырымдамасының  элементтері 

енгізіледі; 

– 

«табиғат-қоғам-адам-техносфера» 



мегажүйесін 

тұрақты 


және 

гармониялық  дамуын  қамтамасыз  етудің  құндылықтары  мен 

мақсаттарына жетуге бағытталады; 

– 

планетарлық  ойлауды  және  экологиялық-гуманитарлық  көзқарасты 



қалыптастырады; 

– 

әлемді  танып  білудің  жаратылыстану-ғылыми,  гуманитарлық, 



техникалық  және  технологиялық,  ақпараттық  компоненттерін  ауқымды 

кіріктіру негізінде әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастырады. 

Физика-

математикалық 

бағдар 

– 

базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English  for  specific  purposes  (ағылшын 



тілінде)»,  «Математика  (тереңдетілген)»,  «Физика  (тереңдетілген)», 

«Астрофизика», 

«

Компьютерлік 



моделдеу», 

«Графика 

және 

проекциялау»  бейіндік  пәндерді  оқыту  арқылы  бағдардың  даму  әлеуеті 



кеңейтіледі; 

– 

білім мазмұнының қолданбалық бағыты кеңейтіліп, тереңдетіледі және 



оқушылардың  логикалық  және  алгоритмдік  ойлауы,  танымдық 

қабілеттері  мен  практикалық  іс-әрекет  дағдыларын  дамытуға 

бағытталады; 

– 

оқытудың  негізгі  екі  функциясының  жүзеге  асуы  қамтамасыз  етіледі: 



физика-математикалық білім беру; физика, математика мен ақпараттық-

коммуникациялық технология көмегімен білім беру; 

– 

ақпараттарды  іздеу,  жүйелеу  және  тиімді  пайдалану  дағдылары 



қалыптасып, жобалау, моделдеу, құрастыру дағдылары дамиды; 

– 

оқыту ертерек кәсіптендіруге бағытталады; 



– 

өндірістің  инновациялық  технологиялары  мен  қазіргі  заманғы 

ақпараттық-коммуникациялық құралдардың негіздерін меңгереді. 

 

 



31 

 



кесте – 11-12 сыныптардағы қоғамдық-гуманитарлық бағыты 

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  



базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктері 

Филологиялық 

бағдар  

 

– 



базалық  мазмұнға  кіріктіре  «Мәдени  мұра»,  «Кәсіби  қазақ  тілі», 

«Әлемдік  әдебиет»,  «Шешендік  өнер»,  «Журналистикаға  кіріспе»  және 

т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; 

– 

қазақ,  орыс  және  шетел  тілдері  бойынша  коммуникативтік,  тілдік, 



лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктері қалыптасады; 

– 

сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу қабілеттері дамиды; 



– 

этноаралық  қатысымда  табысты  сөйлесуді  жүзеге  асыру  біліктігі 

қалыптасады; 

– 

әдебиеттердің  адамгершілік  және  гуманитарлық  құндылықтарын 



пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастырады; 

– 

типологиялық  әдеби  байланстарды  анықтау  арқылы  әртүрлі 



халықтардың  дәстүрлерін  ұлттық  танып  білу  мен  толеранттық  қатынас 

қалыптасады; 

– 

оқуға  қызығушылықтарын,  эстетикалық  талғамдарын,  бейнелік 



ойлаулары  дамиды  және  оларды  өздігінен  мәтін  жасауда  қолданып 

шығармашылық қабілетін дамытады. 

Тарихи-

құқықтық 

бағдар 

 

– 



базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English  for  specific  purposes  (ағылшын 

тілінде)», «Қазіргі  әлемдегі  Қазақстан»,  «Қазақстандық  заңнама», 

«Дүниежүзі тарихы», «Этика» және т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы 

бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; 

– 

білім  мазмұны  Егеменді  Қазақстанның  жетістіктері  тұрғысынан 



жаңартылған  болады  және  мәденилайықтылық  принцип  пен  ұлттық-

мәдени құндылықтардың кіріктірілуін есепке алып сұрыпталады; 

– 

пәндердің тәрбиелік және әлеуметтендіру әлеуеті күшейтіледі; 



–  

мәдени, саяси және құқықтық білімдердің бастамасын игереді; 

– 

дүниеге  көзқарастық,  жалпылама  және  әдіснамалық  сипаттары 



күшейтіледі. 

Әлеуметтік-

экономикалық 

бағдар 


– 

базалық  мазмұнға  кіріктіре  «English for specific  purposes  (ағылшын 

тілінде)», «Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  герграфиясы», 

«

Қолданбалы экономика», «Әлеуметтану», «Кәсіпкерлік негіздері» және 



т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; 

– 

білім  мазмұны  Егеменді  Қазақстанның  жетістіктері  тұрғысынан 



жаңартылған  болып,  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  есепке  алып 

сұрыпталады; 

–  

әлеуметтік және экономикалық білімдердің бастамасын игереді; 



– 

еңбек  және  кәсіпкерлік  негіздерін  ертерек  меңгеріп  кәсіптендіруге 

бағытталады. 

 

12 жылдық мектептегі 11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны 



оқушылардың  мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып 

тиімді  педагогикалық  жағдайлар  жасауды,  оқушыларды  жоғары  оқу 

орындарының  сәйкесінше  мамандықтарында  кәсіби  білім  алуға  қажетті 

дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді. 

 

 

 



32 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет