Қосымша кеңестер
Егер сіз сәйкестендіру сұрақтарын қолданатын болсаңыз, оны дайындауда келесі
кеңестерді қолдануға болады:
Оқулықты оқып отырған кезде адамдардың атына қатысты деректер мен идеяларды
оқуда мұқият болыңыз. Бөлек парақта атауы мен деректерді бір-біріне қарама-қарсы
ретте санамалап жазыңыз, нәтижесінде екі түрлі тік баған пайда болады. Өз тізіміңізді
тексеру үшін деректер бағанын қағазбен жауып қойыңыз. Атауы жазылған бағандағы әр
элементке қараңыз және соған сәйкес дерек немесе идеяны жазыңыз. Содан соң материалды
екі бағытта тексеру үшін атауы бар бағанды жабыңыз, өзіңізге еске салу ретінде деректерді
қолданыңыз.
Оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіріңіз. Көбіне сәйкестікті
анықтауға қатысты тапсырмалар іс жүзінде талдау және жинақтау сияқты жоғары
деңгейде ойлау дағдыларын емес, нақты білімді бағалайды. Алайда бұл мұндай
тапсырмаларды жоғары деңгей дағдыларын бағалауға болатындай құрастыруға болмайды
дегенді білдірмейді.
|