Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет30/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушыларға кеңес 

1)  Нұсқауды оқыңыз. Әдетте тапсырмаларда екі тізімде/бағанда сәйкестендіруді 

қажет  ететін  элементтер  болады.  Қарым-қатынасты/тәуелділікті/заңдылықты 

анықтау үшін екі тізімге де назар аударыңыз.   

2)  Сәйкестікті  табу  үшін  бірінші  тізімді  бастапқы  нүкте  ретінде  қолданыңыз 

және  екінші  тізімге  ауысыңыз.  Бұл  үдеріс  сіздің  ойлауыңызды  ұйымдастырады. 

Ол  сондай-ақ  сіздің  жауап  беруіңізді  тездетеді,  себебі  сіз  екінші  тізіммен 

танысасыз және алдыңғы ретте тізімді қарау кезінде көргеніңіздей, арақатынасты 

анықтауға мүмкіндігіңіз болады.  

3)  Сәйкестікті анықтамас бұрын барлық тізімге көз жүгіртіп шығыңыз. Егер сіз 

бірінші  мүмкін  жауаппен  арақатынасты  анықтайтын  болсаңыз,  қате  жіберуіңіз 

мүмкін, себебі тізімдегі жауап кейінірек дұрыс сияқты көрінуі мүмкін.  

4)  Дұрыс 

жауапты  тапқаныңызға  сенімді  болсаңыз,  екінші  тізімдегі 

элементтерді  сызып  тастаңыз.  Бұл  сіздің  сеніміңізді  арттыруға  және  жинақы 

болуыңызға көмектеседі.  

5) 

Барлық  сәйкестіктерді  түгел  анықтамайынша,  дұрыс  жауап  туралы  болжам 



жасамаңыз.  Егер  сіз  жауапты  басында  тапсаңыз,  онда  сіз  бұл  жауапты  келесі 

таңдау үшін қарастырмайсыз.

 



24 

Осындай  келіспеушілік пен әртүрлі  түсінікті болдырмау үшін, оқу мақсаттары  мен бағалау 

критерийлеріне сәйкес толық екшелген бағалау құрылымын ойластыру қажет. 

Том Кубисцын (Kubiszyn, Tom, 2007) ашық сұрақтардың пайдасын анықтап, олардың 

қатарына келесі оқу нәтижелерін қосты: 

-  өзара қарым-қатынасты талдау қабілеті; 

-  көзқарастырды анықтап,  салыстыру; 

-  болжау; 

-  қорытынды жасау; 

-  себеп-салдарлық байланысты түсіндіру; 

-  болжамдар ұсыну; 

-  өз көзқарасын дәлелдейтін деректерді ұйымдастыру; 

-  күшті және әлсіз жақтарын көрсету; 

-  әртүрлі дереккөзден алынған деректерді біріктіру; 

-  мақсат пен әрекеттердің сапасы мен құндылығын бағалау. 

Питер В. Айразиан (Airasian Peter W, 1999) эссе жазу тапсырмасы бағалаудың «басты 

әдісі» деген болжам ұсынады. Көркем жазу (қолжазба) мен жазу стилі бағалаудың маңызды 

критерийлері болмаса да, сарапшының қабылдауына әсерін тигізе алады, демек бағалауға да 

әсері  болады  деген  сөз.  Айразиан  бұларды  «қосалқы  факторларға»  жатқызып,  оларды 

тапсырманы ұқыпты орындаумен байланыстырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет