Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет38/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Балл қою кестесі 

Балл  қою  кестесі  тоқсандық  жиынтық  бағалау  тапсырмалары  үшін  құрастырылады 

және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады. 

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою  бойынша  

бірыңғай  норманы  белгілеу  үшін  мұғалімдер  қолданатын кесте.  

Балл  қою  кестесі  қашан,  қалай  балл  берілетіндігін  білдіретін,  дұрыс  (болжамды) 

жауаптар  мен  ұсыныстардың  үлгілері  туралы  анық  және  нақты  ақпарат  ұсынатын  құрал 

болып табылады.  

Балл  қою  кестесінің  құрылымы  мен  мазмұны  пәндер  мен  тапсырмалар  түрлеріне 

қатысты  ерекшеленуі  мүмкін.  Балл  қою  кестесінің  құрылымы  мынадай  ақпараттардан 

тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, 

әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар.  

Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті) 

көрсетіледі.  

Ашық  типті  тапсырмалардың  дұрыс  (болжамды)  жауаптарының  үлгілерін  құрастыру 

кезінде  балл  қою  кестесінде  бағалаудың  үш  аспектісі  сипатталады:  таңдалған  жауап 

(мысалы,  ізденімпаз,  шыдамды,  тілалғыш,  тәрбиелі);  ықтимал  жауаптар  немесе  оқушы 




28 

жауабы  ескеріледі  (мысалы,  автор  пікірімен  келісу/келіспеу/пікірін  жазады/оқушы  жауабы 

ескеріледі.). Бұдан әрі тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балдары көрсетіледі.  

Барлық  балама  (альтернативті)  жауаптар  балл  қою  кестесінде  көрсетілуі  тиіс,  мұндай 

жағдайда олар «/» қисық сызықпен не «немесе» шылауымен ажыратылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет