Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар:
✓ Ресурстық материалдарды іріктеу мен құрастыруда тақырыпты, оқу мақсаттарын,
бағалау критерийлерін ескеру қажет.
✓ Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу құралдарынан немесе мектепте
қолданылып жүрген дереккөздерден қолданбаған дұрыс. Жауаптары берілуі мүмкін,
мысалы, тапсырмада және ресурстық материалда бірдей сөздерді қолданудан аулақ
болған дұрыс.
✓ Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай-ақ оқушының денсаулығына және
дамуына кері әсер ететін ақпарат болмағаны жөн.
✓ Ресурстық материалдарда мәдени ерекшеліктер ескерілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |