Ресурстық материалдардың техникалық ресімделуіне қойылатын талаптар:
✓ Ресурстық материалдың форматы оны қолдануға болатындай техникалық
мүмкіндіктерге сәйкес болуы қажет. Мысалы, бейне- және аудиожазбаларды тыңдау,
иллюстрацияларды бейнелеу және т.б.
✓ Ресурстық материалды ресімдеудің сапасы тапсырманың күрделілік деңгейі мен
орындау деңгейіне әсер етпеуі қажет.
✓ Әрбір оқушыға ресурстық материалдармен жұмыс жүргізуде бірдей жағдай жасалуы
керек.
Дайын ресурстық материалдарды қолдану барысында мұғалімнің оларды өңдеуіне және
түзетіп, өзгеріс енгізуіне мүмкіндігі бар. Түзету кезінде келесі мәселелерді ескергені жөн:
✓ ресурстық материалдардың мазмұнынан қажетсіз ақпараттарды алып тастаған дұрыс;
✓ көлемін, мөлшерін, ұзақтығын және т.б. қысқартқан кезде ресурстық материал
мазмұнының реттілігі сақталуы тиіс;
✓ түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді, нысандарды, элементтерді және т.б. ауыстыру
немесе қайта өңдеу керек;
✓ ресурстық материалдың бейімделгендігін атап көрсету қажет. Мысалы, ауқымы
(масштабы) есептеледі/есептелмейді, шығарманың үзіндісі, қысқартылған нұсқасы
және т.б. ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |