Валидтілік деңгейін бағалау
Валидтілік деңгейін бағалау қарапайым техникалық рәсімдерге дейін қысқартылмауы
тиіс. Сондай-ақ бағалау валидтілігі абсолютті (сөзсіз) шәкілмен өлшенбеуі керек.
Бағалаудың валидтілігі белгілі бір оқушылар тобы үшін қабылданған нақты шешімдер мен
қорытындыларға жатады.
Сондықтан валидтілік анықтамасы осы түсініктемелер мен шешімдерді растайтын
дәлелдер жинақтауды қамтиды. Мұндай дәлелдер бізді валидтіліктің жоғары, орта немесе
төмен дәлелдеріне алып келеді. Қандай дәлелдер жинақтайтынымыз біздің қандай
интерпретациялар мен шешімдер қабылдайтынымызға байланысты болады.
Мұндай валидтілікті зерттеу кейде валидтіліктің дәлелдерін құрастыру ретінде
қолданылады. Роберт Линн мен Дэвид Миллар (2005) сияқты бағалау бойынша сарапшылар
валидтілікке қатысты дәлелдерде ескерілуі тиіс төрт негізгі түсінікті ұсынды. Оның үшеуі –
мазмұнды түсінік, сындарлы түсінік және критерийлердің өзара байланысы валидтіліктің
құрамдас бөліктері болып табылады. Кейіннен қосылған төртінші маңызды түсінік
логикалық тұрғыдан туындайтын аспект болып табылады.
Валидтілік бағалауды жоспарлауда немесе бағалау бағдарламалары туралы шешім
қабылдаған кезде әрдайым назарда болуы тиіс. Оқушылардың оқудағы ілгерілеуін
оқушыларды оң нәтижелерге жетелейтін, сенімді және тиімді бағалау нәтижелері бойынша
бағалау аса маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |