Сындарлылық аспектілері
Бағалау мақсаттарының бірі тұлғаның қажетті дағдылары мен біліктерінің қаншалықты
дамығанын анықтау болып табылады, мұны айқындауда сындарлылық аспектілері көмектесуі
мүмкін. Сындарлы аспектілер – бұл бағалау барысында назар аударылатын тұлғаның ерекше
психологиялық қасиеттері немесе сипаттамалары, мысалы, ойлау немесе пайымдау.
Математикалық тұрғыдан бағалауда бұл «проблемаларды шеше білу» немесе «математикалық
пайымдау» болуы мүмкін. Оқылым дағдысын бағалауда бұл көбіне «түсіну» дегенді білдіреді.
Сындарлылық аспектілерін валидтілік дәлелдемесі ретінде қарастырған кезде, біз бағалау
нәтижесі белгілі бір дағдылар мен біліктердің қалыптасқаны туралы шешім шығару үшін
қолданылатын деңгейді зерделейміз. Әдетте бағалау нақты дағды мен біліктерді меңгеру
сипаттамаларына бағытталғандықтан, шынайы бағалауда көбіне сындарлы аспектілер
қарастырылады. Бағалау тапсырмаларында сындарлы аспектілерді қарастыра отырып, біз
сындарлы аспект дегеніміз не және ол қалай айқындалатынын нақты түсінуіміз керек. Виггинс
(1998) сындарлы аспектілер жөнінде түсінік қалыптастыруға көмектесетін төмендегідей
сұрақтарды ұсынады:
• Оқушы бағалануы тиіс түсіну немесе қолдану дағдыларына қатысы жоқ себептерге
байланысты тапсырманы жақсы орындауы мүмкін бе?
• Оқушы бағалануы тиіс түсіну немесе қолдану дағдыларына қатысы жоқ себептерге
байланысты тапсырманы нашар орындауы мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |