Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар
Құрастырылған тапсырманың нақтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты)
шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаттарын (негізділік,
валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.
Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігінің деңгейі көрсетілген рубриканы
қолдану ұсынылады.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейін
сипаттау тәсілі.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін
сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |