жауап үлгісін тиянақтаңыз, нұсқалардың барлық мүмкіндігін есепке алыңыз,
жауаптың әр бөлігіне жинақталған балды қалай бөлу қажеттігін көрсетіңіз
25
Оқушылардың қателесуіне себеп болатындай күрделі немесе шашыраңқы
тапсырмаларды беруден аулақ болған дұрыс. Мысалы, «Жақсы ұсынысыңызды атап
көрсетіңіз». Сондай-ақ, мәтіннің тілін тапсырманың күрделілік деңгейіне әсер ететіндей аса
жеңілдетудің қажеті жоқ.
Оқушының жағымсыз әрекетін туындататын тұжырымдардан аулақ болыңыз.
Қажетінше жауаптарды шектеуге тырысыңыз. Егер тапсырмада нақты шектелген жауап
болмаса, оқушы көбіне жауабының қаншалықты толық болу қажеттігін білмейді. Жауаптар
жауап үлгілерінде ұсынылғаннан көлемді немесе керісінше болуы мүмкін.
Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың көңіл күйіне әсер ететіндей болмағаны дұрыс.
Тақырыптарды таңдаған кезде мынадай тақырыптарды таңдамаған дұрыс: отбасылық қиын
жағдайлар, әлеуметтік және діни мәселелер, табиғи және техногендік өзгерістер, соғыс және
терроризм, нашақорлық, ауыр науқас және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: