Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен


Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты



Pdf көрінісі
бет33/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты 

мұғалімге арналған  ұсыныстар 

Ашық сұрақтар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс: 



Негізділік: 

1.  Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге жазыңыз. 

2.  Сұрақты жете түсінбеуді немесе қате мағынада қабылдауды болдырмау үшін төлеу 

сөздің орнына төл сөзді қолданыңыз. 

3.  Жауапта  қолданатын  сөздердің  санын  белгілеп  беріңіз  немесе  оқушыға  жауабын 

жазатын  орын  қалдырыңыз,  мысалы,  жауап  парағында  бос  тіктөртбұрыш  немесе 

жазуға арналған бірнеше жол қалдыру. 

4.  Оқушы  жауап  беру  ретін  және  уақытын  есептеуі  үшін  әр  сұраққа  берілген  балл 

санын көрсетіңіз. 

Валидтілік: 

1.  Тапсырма  тек  бағалау  құралы  ғана  болып  табылады.  Сұрақтардың  жауабы  нақты 

ақпарат беруі тиіс. 

2.  Тапсырма  маңызды  және  қажетті  ақпаратты  қамтуы  тиіс.  Оқу  бағдарламасы  мен 

оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды. 

3.  Жауабын  анықтауға  арналған мәтін  оқушыға таныс болуы  керек  және  тақырыптан 

ауытқу болмауы керек. 

4.  Оқушылардың  жас  ерекшелігін,  тілдік  мүмкіндіктерін  ескеріңіз,  қарапайым  тілді 

қолданыңыз. 

5.  Сұрақтардың  саны  меңгерген  білім,  дағдыларды  көрсетуге  сәйкес  келетіндей 

анықталуы керек.  

6.  Өткен материалды қайталап айтуға арналған  сұрақтарды болдырмаңыз. Ақпаратты 

жүйелеуге,  талдауға  және  бағалауға  мүмкіндік  беретін  «неліктен»,  «не  үшін», 

«қалай» 


арқылы 

құрылған 

сұрақтарды 

пайдаланыңы. 

Оқушылардың 

шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды пайдаланыңыз. 



Объективтілік: 

1.  Құрастырылған  сұрақтар  жынысына,  қандай  да  бір  қызығушылығына  тәуелсіз 

барлық  оқушыларға  бірдей  түсінікті  болуы  керек,  мысалы,  берілген  мәтін  тек 

қыздарға  арналған  (косметика  туралы)  немесе  ұлдарға  қатысты  (автокөлік 

қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.  

2.  Барлық  сұрақтар  міндетті  түрде  жауап  алуға  бағытталған  болуы  керек.  Сұрақты 

силлабусты немесе кітапты таңдағанда таңдау мүмкін.  

3.  Қабылданатын 

және  қабылданбайтын  жауаптарды  бағалау  критерийлерін 

дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді. 

4.  Әрбір  критерий  бойынша  берілетін  балл  саны  дәл  көрсетілген  сараптамалық 



26 

тексеру сызбасын қолданыңыз. 

5.  Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек. 

Сенімділік: 

1.  Сұрақтар  негізгі  мазмұнға  сәйкес  болуы  керек.  Бағалау  тапсырмаларындағы 

қателерді  тауып,  түзету  және  толықтыру  үшін,  сондай-ақ  заңдылықтар  мен 

үлгілерді  анықтау  үшін  бағалау  туралы  жүйелі  түрде  мәлімет  жинақтап,  деректер 

базасын  құрыңыз.  Проблемалық  сұрақтардың  тізімін  жасау  басқа  тапсырма 

құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады. 

2.  Дайын  болған  бағалауға  арналған  тапсырмаларды  бақылау  үшін  бекітілген 

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет