Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет23/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар 

  Тұжырым  немесе  сұрақты  құрастыру  тілі  барынша  қарапайым  және  оқушыға 

түсінікті болуы қажет. 

  Сөйлемде  барынша  аз  сөз  қолданыңыз:  оқушы  өте  ұзақ  немесе  күрделі 

тұжырымды  оқуға  көп  уақыт  жоғалтып,  оның  мазмұны  бойынша  өзінің  білімін 

көрсетуге уақыты жетпей қалуы мүмкін.  

  Оқушылардан  тұжырыммен  бірге  жазуды/жазылымды  интерпретациялау  кезінде 

қате  жібермеуі  үшін  «Ш»  немесе  «Ж»  деп  жазудың  орнына  кестеде  белгілеуді 

немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын сызуды ұсыныңыз.  

  Егер  сөйлем  себеп  пен  салдар  немесе  алғышарты  мен  қорытындысы  сияқты 

қарым-қатынасты  көрсетсе,  онда  әуелі  дұрыс  бөлігі  жазылады,  ал  екінші  бөлігі 

өзгертіледі.  

  Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзақтығы шамалас болсын.  

  Жауабында  қандай  да  бір  заңдылық  байқалмауы  үшін,  шынайы  және  жалған 

тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз. 

  Кең  таралған  жалған  пікірлер  мен  көзқарастарды  жалған  тұжырым  ретінде 

қолданыңыз.  

  Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты 

көрінетіндей етіп құрастырыңыз. 

  Тапсырма  екіұшты  емес,  нағыз  шындық  немесе  жалған  болып  табылатындай 

тұжырымдарға негізделуі қажет.  

  Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.  

  Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.  

  Оқушының дұрыс түсінуі үшін жеткілікті ақпарат қосыңыз.  

  Мынадай  сөздерден  аулақ  болыңыз:  барлығы,  әрқашан,  әрбір,  ешқашан,  ешкім, 

көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.  

  Мәтіннен,  дәрістен  немесе  басқа  материалдардан  алынған  дәйексөздерді 

қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді. 

  Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпараттарды қолданудан аулақ болыңыз.  

 

Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.



 

 

 



Шынайы,  жалған  және  басқа  да  тұжырымдар  әдетте  білу  мен  түсінуді  бағалау  үшін 

қолданылады,  сондай-ақ  оларды  жоғары  деңгей  дағдыларын  бағалау  үшін  де  қолдануға 

болады. Оқушыларға жаңа мәлімет, тың деректер ұсынылуы немесе жұмыстың мазмұнында 

белгілі бір сипаттамалардың бар/жоғын анықтауға арналған жазбаша жұмыс түрінде берілуі 

мүмкін.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет