Жабық тапсырмалардың сапасын бағалауға арналған сұрақтар:
Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау
дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз
қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің
қолданылмауы, т.б.)?
Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде)
меңзейтін тұстары жоқ па?
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар ма?
Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
Достарыңызбен бөлісу: |