Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын
құрастыруға арналған ұсыныстар
1) Оқу мақсаттарын саралап, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы
болатынына көз жеткізіңіз.
2) Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы
тапсырманы оқуға, орындауға кедергі келтіруі мүмкін.
3) Оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде
мүмкіндігінше тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз.
4) Бірінші бағанда жан-жақты сипаттама берілген сөздерді, ал екінші бағанда
неғұрлым қысқа және қарапайым жауаптарды қолданыңыз.
5) Жауаптар тізімін мүмкіндігінше белгілі бір жүйемен реттеп орналастырыңыз
(хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен және т.б.).
6) Бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (алайда бір
жауап бірнеше сұрақта қолданылуы мүмкін).
7) Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлмеуге тырысыңыз, бұл тапсырманы
орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің
тексеруіне де қолайсыз болады.
21
8) Тапсырманы
орындауға қатысты нұсқаулар нақты болып, оқушыларға
сәйкестендіру тапсырмасын қалай орындау керектігі түсінікті болуы тиіс. Барлық
оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырманың бір мағыналы бір
дұрыс жауабы болатындай етіп құрастырылғаны жөн.
9) Сәйкестендіру
тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін
сұрақтарды қолданыңыз.
10) Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді қолданудан
аулақ болыңыз.
11) Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан
және т.б. тұруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |