Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет27/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Артықшылығы 

Кемшілігі 

Білу  және  түсіну  деңгейлерін  бағалау 

үшін қолайлы 

 

Орындауға көп уақыт жұмсалады 



Фактілері  көп  материалды  тексеруге 

қолайлы 


Жоғары  деңгей  дағдыларын  бағалауға 

келмейді 



 

Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің 

бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе 

тапсырма  жазылады,  ал  екінші  бағанда  салыстыруды  қажет  ететін  олардың  жауаптары 

көрсетіледі.  Бұл  жағдайда  бірінші  бағандағы  тапсырмалардың  саны  мен  сәйкес  жауаптар 

саны  бірдей  болады.  Алайда  бұл  жерде  бірнеше  қауіп  бар:  оқушылар  жауапты  болжамдап 

дұрыс  табуы  мүмкін,  сонымен  қатар  егер  оқушы  бір  жауабында  қателессе,  одан  да  ірі 

қателікке ұрынады. Тағы мынадай жағдай болуы да мүмкін: оқушы біреуінен басқа барлық 

сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін сұрақтың шешімі оқушыға 

өздігінен айқын болып шыға келеді. 

Дұрыс  жауапты  болжамдап  табу  мүмкіндігін  азайтудың  бірден-бір  тәсілі  –  бірінші 

бағандағы  сұрақтардың  санына  қарағанда  екінші  бағандағы  жауаптар  санының  көп  болуы. 

Бұл  жағдайда  оқу  материалы  негізінде  біртекті  белгілері  бойынша  екі  бағаннан  тұратын 

тапсырма  анықталады.  Екінші  бағанда  біріншісіне  қарағанда  бірнеше  қатар  артық  болуы 

қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс.  

Нәтижені өңдеуге қолайлы болуы үшін сол бағандағы позицияларды санмен белгілеу, 

ал  оң  бағандағыларды  бас  әріптермен  белгілеу  ұсынылады.  Тапсырманы  қолайлы 

психологиялық  жағдайда  қабылдап,  ойланып  жауап  беру  үшін  жазу  қарпі  өлшемінің  де 

маңызы  бар.  Бағанның  жоғары  жағындағы  тақырыпшалар  бас  әріптермен  жазылады, 

бағандағы  сөздер  кіші  әріптермен  жазылады.  Сол  жақ  бағандағы  қатардың  саны  4-5-тен 

аспауы қажет екенін ескерген жөн.  

Сапалы  тапсырма  барынша  сенімді  нәтижеге  қол  жеткізуге  жағдай  жасайды, 

сондықтан  сәйкестендіру  тапсырмасын құрастыру  барысында келесі ұсыныстарды ескерген 

жөн: 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет