Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?
Дескрипторларды тұжырымдау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б.
сияқты сөздерді қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауда қиындық
туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға
мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, «стандартты
түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды көрсетеді» деп берілуі
тиіс.
Ашық тапсырмалар үшін дескрипторлар құрастыру таңдалған орындау тәсілдерін (егер
талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «дискриминант формуласын қолданады».
Бұдан әрі алынған жауап пен аралық әрекеттер сипатталады, мысалы, «дискриминанттың
мәнін есептейді», «теңдеу түбірінің санын анықтайды», «теңдеудің түбірін табады». Мұғалім
өз тәжірибесіне және кәсіби пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде
қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін анықтайды.
Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде
оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек және
бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет. Бұл
оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге
жағдай жасайды.
________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу: |