Оқулықпен жұмыс істеудің негізгі мақсаттары: мәтіннің таңдалған үзіндісіндегі
ақпаратпен танысу, ақпаратты түсіну, есте сақтау, ақпаратты түрлі оқу және өмір жағдайларында
қолдану, оқылғанды немесе бұрыннан білген нәрсені растау, мысал іздеу, ғылыми фактілерді
растау, көрнекіліктермен (сурет, сызба, диаграммалар) жұмыс.
Оқулықтың құрамдас бөліктері:
- алғысөз;
- негізгі бөлім (бөлімдер, бөліктер, тараулар, параграфтар және т.с.с.);
- электронды қосымша.
Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері:
1) мәтін:
- негізгі мәтін – материалдың негізгі мазмұнын жеткізеді және оның міндетті минимумы
болып табылады;
- қосымша мәтін – рубрикалар, мәтіндік үзінділер;
- түсіндірме мәтіндер – ескертпелер, сілтемелер, кестелер, сызбанұсқалар, рубрикалар,
шартты белгілерге берілген түсініктемелер, қосымшалар, анықтамалық материалдар, сөздіктер
және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |