және сабақты қалай өткізу керектігі туралы қысқаша түсініктеме берілген әдістемелік
| 53 |
Center
of Excellence
құрал болып табылады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы тапсырмалар пән бойынша оқу
бағдарламасының белгілі бір бөлімі (бөлімшесі) үшін белгіленген оқу мақсаттарына қол
жеткізуге бағытталған.
Мұғалімдер:
• оқу бағдарламасының басқа пәндерімен байланыс орнатуға;
• пән мұғалімдерімен мазмұн бойынша байланыстыруға болатын мәтіндер, тапсырмалар,
жаттығулар жөнінде ой алмасуға;
• пәнді оқудағы қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен жұмыс
істеуге;
• оқушылар үшін әлеуметтік, педагогикалық және функционалдық маңызы бар
тақырыптардың таңдалуына жағдай жасау қажет.
Мұғалімге арналған нұсқаулықта төмендегідей ақпарат қамтылған:
• оқу мақсаттары;
• оқу ресурстары;
• пән бойынша оқулық пен жұмыс дәптеріне сілтемелер;
• тақырыпты қандай тәсілмен қарастыру керектігі;
• тиісті негізгі ақпарат;
• оқулыққа сәйкес қызметті қолдау үшін мұғалімге арналған қадамдық жазбалар;
• пәнаралық байланыс;
• дамытушы тапсырмалар.
Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған жазбаларда қалыптастырушы бағалау
(мұғалімнің сауалнаманы, бақылау және қадағалауды тиімді жүргізу дағдыларын қоса
есептегенде) мен оқуды саралау жолдары қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: