Инклюзиялық
оқыту
білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту.
Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше
қажеттіліктеріне бейімдеу.
Кері байланыс
белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп,
келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы
пікір, баға беру, жауапты реакция.
Креативтілік
(ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің
дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін
және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін
шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап,
оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.
| 65 |
Center
of Excellence
Достарыңызбен бөлісу: |