Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын
әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы
құндылықтар мен дағдылар қарастырылған қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
| 9 |
Center
of
Excellence
«Халықаралық зерттеу барысында оқу бағдарламалары мен бағалау оқыту үдерісінен
күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды».
Гриффин және басқалар (2012)
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) оқу бағдарламаларын
реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға негізделген өзгерістер анағұрлым
анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия, Норвегия, Сингапур және Австралия
сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты
белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында
да осы тәсіл қолданылды. Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы
мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін
қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің оқу бағдарламасын тиімді жүзеге асыру
үдерісін жеңілдетеді.
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның
нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: