Н. А. Маженова экономикалық теория


 Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы



Pdf көрінісі
бет37/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

5.2. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы.  
       Ұсынысқа, бағадан басқа әсер ететін факторлар 
 
Нарықтағы  ұсыныс,  өндірілетін  және  сатуға  ұсынылатын 
тауарлардың  бағасы  мен  көлемінің    арасындағы  тікелей 
тәуелділікті  көрсетеді.  Ұсыныс  заңы,  егер  баға  жоғарыласа, 
онда сол нарыққа сатуға көп тауарлар түседі. Және керісінше, 
егер  тауардың  бағасы  төмендесе,    осы  тауарлардың  өндірісі 


Н. А. Маженова 
 
60 
және  нарықта  сол  тауарға  ұсыныс  қысқарады.  Бұндағы 
алдыңғы  негізгі  фактор  –  баға,  ол  өнім  өндіруші    үшін  белгі 
береді.  Суретте  көрсетілгендей  тауардың  ұсынысы  нәтижелі 
еңкею  қисығын  көрсетеді,  тауардың  бағасы  және  оның  
нарықтағы сату  көлемін бейнелейді. 
 
 
 
1.6-сурет. Ұсыныс қисығы 
 
Ұсыныс қисығын ұсыныс заңының өзі бейнелейді. Ұсыныс 
заңы  бойынша,  тауардың  бағасы  жоғарылаған  сайын,  нарыққа 
олардың  көп  саны  түсуі  керек.  Тауардың  көлемі  мен    тауардың 
саны түсінігі, «тауардың ұсынысы» түсінігімен бірдей.  
Баға  өзгермеген  жағдайда  ұсыныс  қисығы  «жоғары» 
немесе «төмен»  жаққа мынадай жағдайларда өзгереді: 
1.  Ресурстарға  бағаның  өзгеруі.  Тұқым  және  тыңайтқыш 
бағасының  төмендеуі  бидай  өндірісін  арзан  жасайды  және 
бидайға ұсыныс өседі. 
2.  Технологияның өзгеруі. 
3.  Салықтар және субсидияның өзгеруі. 
4.  Басқа  тауарға  бағаның  өзгеруі.  Қарақұмық  бағасының 
төмендеуі,    фермерлерге  жүгері  өндіруді  оятуы  мүмкін,  онда 
жүгеріге ұсыныс өседі. 
5.  Ауа райы жағдайы. Ауа райының жайлы болуы, өте көп 
жоғары өнім жинап алғызады және өнімдерге ұсыныс көбейеді. 
6.  Өндірушілер  санының  өзгеруі.  Елдердегі  көп  және  одан 
да  көп  кіші    наубайхананың  көбеюі,  нан,  тоқаш  заттардың 
Р (баға) 
Q (мөлшері) 

А 
В 


Экономикалық теория 
 
61 
әртүрлі  ұсынысын    жасайды  да,  көбейтеді.  Сонымен,  жоғарғы 
көрсетілген 
факторлардың 
бәрі 
сол 
тауардың 
өндіріс 
шығындарына  әсерін  тигізеді,  олардың  бәрі  сол  тауардың 
нарықтағы ұсынысының өзгеруіне шешуші әсерін тигізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет