Н. А. Маженова экономикалық теория


Э40  Экономикалық теория    3



Pdf көрінісі
бет2/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

Э40 


Экономикалық теория 
 

 
 
 
 
КІРІСПЕ 
 
Әлеуметтік-экономикалық пәндер жүйесінде экономикалық 
теория  ерекше  орын  алады.    Адамның  өмірі  экономикамен 
тығыз  байланыстылығымен  шартталған  және  әрқайсымыздан 
экономикалық  мәдениетке  ие  болуымызды  талап  етеді. 
Экономика 
заңдары 
мен 
принциптерін 
білу 
адамдарға  
сенімділік  береді,  оларға  күрделі  экономикалық  үдерістерді 
дұрыс бағалауға және өз бетімен оңтайлы шаруашылық шешімді 
қабылдауға мүмкіндік береді.  
Бұл  оқу  құралы  студенттерге  экономикалық  теорияны 
меңгеруге  және  осы  пән  бойынша  емтиханға  дайындалуға 
арналған. 
Оқу 
құралының 
материалдары 
толығымен 
экономикалық  теория  курсының  типтік  оқу  бағдарламасымен 
қарастырылған сұрақтарды қамтиды.  
Экономикалық  теорияда  ХІХ  ғасырдың  соңында  әртүрлі 
ғылыми  мектептер  мен  бағыттар  қалыптасты.  Бұл  оқу 
құралында  негізгі  теория  мен  концепцияны  экономикалық 
ғылымның  заманауи  жағдайы  тұрғысында  жинақтау  және 
баяндауға талпыныс жасалынды.  
Бұл құрал экономикалық теорияны баяндау әдістемесі және 
мазмұны бойынша бірқатар маңызды ерекшеліктерге ие, бұл оқу 
бағдарламасының  негізгі  тақырыптары  бойынша  дәрістердің 
қысқаша  курсы  болып  табылады.  Оқу  құралында    ұғым 
аппараты  туралы  айтылған,  әрқайсысы  15  тақырыптан  тұратын 
үш  бөлімнен  және  бақылау  сұрақтарымен  толықтырылған.  Оқу 
құралының  соңында  білімді  тексеру  мен  бекіту  үшін  тест 
сұрақтары ұсынылған.  
Бірінші 
тараудың 
логикасымен 
және 
сұрақтарды 
қарастырудың жүйелілігі келесілермен шартталған:  
– 
бірінші, 
экономикалық 
теория 
пәнінің  мазмұны 
экономикалық  жүйенің  дамуы  және  қызмет  ету  заңдылығы 
болып табылады;  


Н. А. Маженова 
 

– екінші, зерттеу объектісі қоғамның экономикалық жүйесі 
болып табылады;  
–  үшінші,  экономикалық  жүйенің  іргетасы  өндіріс 
құралдарына меншік қатынасы болып табылады;  
–  төртінші,  меншік  қатынасы  және  онымен  шартталған 
экономикалық байланыстардың нысандары экономикалық жүйе 
жіктемесінің негізінде жатыр.  
 «Жеке  ұдайы  өндірістің  мәні  мен  заңдылықтары»  атты 
екінші  тарауда  өндіріс  факторларының  тікелей  бірігуі  орын 
алатын  фирма  (кәсіпорын)  экономиканың  бастапқы  бөлімі 
ретінде және басқа субъектілермен  экономикалық қатынастарға 
түсетін 
нарықтық 
экономиканың 
субъектісі 
ретінде 
қарастырады.  Жеке  ұдайы  өндіріс  айналымға  және  капитал 
айналымына    негізделген  және  шығындарды  төмендету 
жағдайында пайданы барынша көбейтуге бағытталған.  
 «Ұлттық  экономика  деңгейінде  ұдайы  өндіріс»  үшінші 
тарауда  макроэкономикалық  тепе-теңдік,  экономикалық  өсу, 
толық жұмысбастылық, баға тұрақтылығы қарастырылады. Осы 
мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет ақша-несиелік, бюджет-
салықтық  реттеу,  табыстарды  қайта  бөлу  және  халықты 
әлеуметтік  қорғау құралдарын қолданады.  
Экономикалық теория және тәжірибе мәселелерін қойылуы 
және айқындалуы экономикалық  даму сатысында шаруашылық 
үдерістерді  жүзеге  асыруының  мәні  мен  механизмін  терең 
ұғынуын қажет етеді.  
Оқу 
құралы 
экономика 
және 
экономика 
емес 
мамандықтағы  бакалавр  студенттері  үшін,  магистранттар  және 
PhD  докторанттары  үшін,  сондай-ақ  экономикалық  теорияға 
қызығушылық танытқандарға арналған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет