2.3. Экономикалық жүйенің классификациясы
Таза капитализм немесе еркін бәсеке дәуірінің капитализмі
Бұл экономикалық жүйенің сипатты белгілерінің
ерекшеліктері мыналар:
Өндіріс факторларына жекеменшіктің биліктілігі.
Нарықтық жүйе адамдардың шаруашылық қызметін
үйлестіреді және оны басқарады.
Жүйеге қатысушылардың тәртібі жеке, эгоистік мүддесі
мен қоғамдық мүдде қамтамасыз етіледі.
Еркін кәсіпкершілік. Экономикалық таңдау еркіндігі.
Әрбір шаруашылық субъект пайданы максимум алуға
ұмтылады. Ресурстарды пайдалану тиімділігі жоғарылайды.
Н. А. Маженова
26
Өз еркімен жұмыс атқаратын көптеген сатушылар мен
сатыпалушылардың, өндірушілер мен тұтынушылардың болуы.
Экономикаға мемлекеттің араласуының азаюы.
Тұтынушылар өндірушілерге билікті жасайды.
Мұндағы принцип тек сатылатын ғана өнім шығарылады.
Бұндай талаптарға жауап беретін экономикалық жүйе
болған емес, немесе болжамда, бұл 19 ғасырдың бірінші
жартысындағы капитализм болатын. 19 ғасырдың екінші
жартысында
тұрақты
түрде
экономикалық
дағдарыстар
қайталана берді және ірі капиталистік монополиялар құрыла
бастады.
Негізгі артықшылықтары:
Жоғарғы тиімділік және тапқырлықтың ынталандырылуы.
Тиімді емес және керексіз өндірістер сыртта қалады.
Нарық тауарға толы болады.
Тұтынушылардың құқығы және мүмкіндіктерінің көбеюі.
Үлкен басқару аппараты жоқ.
Табысты бөлісу негізінен әділетті болады, яғни кім көп
және жақсы жұмыс істесе немесе өндіріске қаржыны көбірек
салса, сол көбірек алады.
Негізгі кемшілігі:
Қоғамда теңсіздік күшейеді.
Экономика тұрақсыз, оның дамуы дағдарыспен болады.
Пайда бермейтін, бірақ қоғамға қажетті өндірістерді
құру туралы қамқорлық болған жоқ.
Табиғат және адамзатқа бизнестің не әкелетініне
немқұрайлы қарау.
Экономиканың тиімділігін төмендететін монополиялардың
пайда болуы.
Командалық (батыс терминология) немесе әкімшілік-
шаруашылық жүйе (біздің терминология)
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
1. Өндіріс факторларына қоғамдық меншік. Олар мемлекет
меншігінде болады және басқаларға тиісті емес.
2. Экономикалық қызметтердің орталықтан жоспарлануы.
3. Мемлекеттік жоспарларды орындау үшін кәсіпорын
ресурстарының орталықтан қорландырылуы.
Экономикалық теория
27
4. Өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттарының
өндірісінің арасындағы орталықтан саналы түрде халықшаруа-
шылықтық пропорциялар орнату.
5. Бәсекенің болмауы. Осыдан өндірушілердің монополиясы.
6. Нарықты жүйенің өндірушілер мотивация және
ынталандырудың болмауы.
Қорытындысы, өндірушілердің тұтынушылар үстінен
үстемділігі, тек қана өндірілетін ғана өнім сатып алынады.
Тұтынушының таңдауы жоқ. Жүйенің тиімділігі төмендейді.
Бұл жүйе СССР-де (ҚСРО-да) және әлемдік социалистік
жүйе елдерінде үстемділік жүргізді. Бұл жүйенің көптеген
жетістіктері болғанымен бәрібір экономикалық және әлеуметтік
тұйыққа әкелді.
Бұл жүйенің кемшіліктері:
1. Жоспарлы жүйенің экономикасы біраз уақыт өте
шығынға айналды. Егер жоспар бойынша белгілі қаржыны
жұмсау керек болса – онда оны да жұмсайды.
2. Өндіріске енгізілетін ҒТП жетістіктерін ынталандыру
жоғалды. ҒТП өткерудің қыиншылықтары болды.
3. Еңбек өнімді және өнімсіз болып бөліне бастады, оған
сәйкес өнімді еңбек екіншіге қарағанда жоғары төлене бастады.
Өнімсіз еңбек бұл, мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғылыми
зиялылар, ИТЖ, әртістер, суретшілердің еңбектері. Еңбек
бойынша бөлу, социализмнің экономикалық заңының талаптары
орындалмады.
4. Өндірістің қорғаныс және азаматтық салаларында
қолданылатын технологияда алшақтық пайда болды. Қорғаныс
өндірістік кешені (ҚӨК) жетістіктері азаматтық өндіріске
берілмеді. ҚӨК мемлекет ішіндегі мемлекетке айналды.
5. Адамдардың төменгі қажеттілігін қанағаттандыруға
халықтың өмірлік деңгейі қалыптасты.
Соған қарамай жоспарлы жүйенің жақсы жақтары болды,
олар ол жоғалтқаннан кейін ерекше көріне бастады:
1. Тұрақты экономикалық даму. Инфляцияның және
экономикадағы циклдік айқын шайқалудың жоқ болуы.
2. Халықтың әлеуметтік қорғалуы.
3. Еңбекке деген құқық. Жұмыссыздықтың жоқ болуы.
|