Экономикалық теория
39
яғни қолдану тиімділігі аз. Барлық қоғам мүшелері ортақ
пайдаланады, жеке ешкім қолданбайды. Қоғамдық меншік
өндіріс құралдарын қолдануда барлық иелік етушілерді
қоғамның барлық мүшелері ретінде теңестіреді.
Олардың бәрі меншік иелері. Бірақ, біреу оны басқару,
өндіріске билік жүргізу, өндіріс пропорциясын анықтау тиіс.
Сондықтан, «басқару аппараты» құрылады, халық атынан ие
болу, билік жүргізу таратылады.
Мемлекеттік меншік ретінде декларацияланған меншік
басқару
аппаратының
меншігіне
айналады,
ол
оның
бюрократиялануына әкеп соғады. Бұл оның тарихи немесе
әлеуметтік жауапкершілігін көрсетпейді. Әкімшілік жүйесінің
басқару механизмінің басты құралы барлық экономикалық
кеңістікті икемсіз ететін, әрі тура адрестік реттеуге апарып
соғатын тотальдық жоспарлау болып табылады.
Сонымен қатар қоғамдық меншік әскери-өнеркәсіптік,
космостық, энергетикалық кешендерде, ғылымда, білімде,
денсаулық сақтау салаларында және басқа да облыстарда өте
қажет болып саналады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынас-
тарының құрылуына заңдылық қажеттілік болып табылды. Ол
мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге
асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: