Н. А. Маженова экономикалық теория


 ҚР мемлекетсіздендіру  және жекешелендіру



Pdf көрінісі
бет23/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

3.5. ҚР мемлекетсіздендіру  және жекешелендіру 
 
Мемлекетсіздендіру  –  мемлекеттік  меншіктің  ұжымдық 
немесе жекеменшік формасына ауысуы.  
Жекешелендіру  –  мемлекеттік  немесе  муниципалды 
меншіктің жекеменшікке берілуі. 
Жекешелендіру келесі мақсаттарды көздеді: 
-  бәсекелік ортаны құру; 
-  кәсіпорын тиімділігін көтеру; 
-  экономиканы демонополизацияландыруға қатысу; 
-   шетел инвесторларын тарту. 
1991 
жылдан 
бастап 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы  алғаш  рет  жекеменшік  құқығын  анықтады, 


Н. А. Маженова 
 
40 
содан  бері  жекешелендіру  мен  мемлекетсіздендірудің  алғашқы 
қадамдары  қолданыла  бастады.  Жекешелендірудің  заңдылық 
базасы  «Меншік  туралы»  және  «Мемлекетсіздендіру  мен 
жекешелендіру туралы» заңдарымен көрсетілген. 
1 кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі 
жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталық-
танған  –  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға  өту 
үшін жағдай жасау  мақсатында  кең ауқымда реформалар  болды. 
Ол  кәсіпорындарды,  олардың  еңбек  ұжымдарының,  ұжымдық 
немесе  акционерлік  меншігіне  жеңілдетілген  талаптармен  беру 
және  сауда  мен  қызмет  көрсету  объектілерін  сату,  соның  ішінде 
тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізіледі. 
2 кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  1993  жылғы  5  наурыздағы 
Жарлығымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасындағы  1993-
1995 
жылдардағы 
мемлекет 
қарамағынан 
алу 
мен 
жекешелендірудің  Ұлттық  бағдарламасына»  сәйкес  жүзеге 
асырылады. Жекешелендірудің  екінші кезеңінің негізгі мақсаты 
–  мемлекеттің  республика  халқына  ұлттық  мүлікті  өндіріс 
объектілері  мен  басқа  да  мемлекетке  тиесілі  материалдық  және 
материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру 
жолымен  қайтаруды  процесіндегі  меншік  құқықтарының 
дербестену  негізінде  орталықтанған-жоспарлы  экономикадан 
нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді. 
Жекешелендірудің 
екінші 
кезеңінің 
бағдарламасы 
институционалдық  реформалардың  негізгі  бағыттарын  анықтап 
берді: 
-  «шағын  жекешелендіру»,  ол  шағын  сауда  кәсіпорын-
дарының, 
коммуналдық 
шаруашылықтардың, 
тұрмыстық 
қызмет  көрсетудің  байқаулары  мен  аукциондар  арқылы  жүзеге 
асырылады; 
-  жұмысшылар  саны  200-ден  5000-ға  дейін  жететін 
орташа 
кәсіпорындарды, 
оның 
ішінде 
инвестициялық 
жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»; 
-  ірі  және  бірегей  мүлік  кешендерін  (жұмысшылар  саны 
5000-нан  асатын  кәсіпорындар)  жеке  жобалар  бойынша 
жекешелендіру; 


Экономикалық теория 
 
41 
-  «мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) 
жекешелендіру». 
Жекешелендірудің  3  кезеңі  1996-1998  жылдар  аралығын 
қамтиды  және  Қазақстан  Республикасы  үкіметінің  1996  жылғы   
2  ақпандағы  №246  Қаулысымен  бекітілген  «Қазақстан 
Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру 
мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. 
Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру 
процесін 
аяқтау 
жолымен 
Қазақстан 
Республикасының 
экономикасында  жекеменшік  секторлардың  басымдылығына 
қол жеткізу және оны бекіту болып еді. 
Үшінші  кезең  мемлекеттік  меншіктің  тек  ақшалай 
қаражатқа  жекешелендірілуін  қарастырды  және  мыналарды 
өткізуді көздейді: 
-  мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын; 
-  жекешелендірілуі 
тұйық 
технологиялық 
циклді 
бұзбайтын  мүліктік  кешен  ретіндегі  кәсіпорынның  өндірістік 
және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін; 
-  кәсіпорын  мүлігін,  мемлекеттік  кәсіпорынды  жойған 
жағдайда, тек аукционда ғана; 
-  шаруашылық  серіктестердің  жарғылық  қорларындағы 
мемлекеттің акциялары мен үлестерін. 
Сондай-ақ  мемлекеттің  акциялар  пакеті  мен  үлестерін 
сенімдік басқаруға беруді: 
-  электрэнергетикалық кешендегі; 
-  мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі; 
-  металлургиялық және тау-кен кешеніндегі; 
-  көлік-коммуникация кешеніндегі; 
-  агроөнеркәсіп кешеніндегі; 
-  әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды. 
4  кезең  1999-2000  жылдар  аралығын  қамтыды  және 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымындағы 
№  683  қаулысымен  бекітілген  «1999-2000  жылдарға  арналған 
жекешелендіру 
және 
мемлекеттік 
мүлікті 
басқарудың 
тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. 
4  кезең  Бағдарламасының  басты  мақсаты  –  жекешелендіру 
мен  мемлекеттік  мүлікті  басқарудың  құқықтық  негіздерін 


Н. А. Маженова 
 
42 
жетілдіру;  есепке  алуды  жақсарту,  басқарудың  тиімділігін 
жоғарылату  және  мемлекеттік  мүлікті  конкурстық    және 
транспаранттық негізінде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді. 
Бағдарламаға сәйкес: 
-  мемлекеттік  акцияларды  иемдену  және  пайдалану 
құқықтары  салалық  министрліктер  мен  ведомстволарға  өткізіп 
берілді; 
-  «көгілдір  фишка»  ретінде  анықталып,  мемлекеттік 
оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды; 
-  Мемлекеттік  мүлікті  Республикалық  және  коммуналдық 
деп  бөлу  жүргізілді;  бұл  жергілікті  бюджет  табыстарын 
жоғарылатуды  және  аймақтардың  міндеттерінен  шыға  отырып, 
жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді. 
1999-2000  жылдары  Мемлекеттік  мүлік  комитетімен  оның 
облыстық  бөлімшелері  34,5  мыңнан  астам  мемлекеттік  меншік 
объектілерін,  соның  ішінде  1991-1992  жылдары  6,2  мың 
объектіні  купондарға  және  ресей  рубльдеріне  жекешелендірді; 
28  мыңдай  объект  1993-2000  жылдары  ұлттық  валюта 
енгізілгеннен кейін жекешелендірілді. 
Алғашқы  кезеңде  жекешелендіруде  4144  млн.рубль 
алынған.  1993-2000  жылдары  республикада  жекешелендіруде 
215,4  млрд.теңге,  соның  ішінде  акционерлік  қоғамдық 
акцияларын сатудан – ол  90%- дан астам түсті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет