Экономикалық теория
53
өндіріс сферасы, бөлу, тұтыну және экономиканы программалау
мен реттеу.
Нарық белгілеріне сипаттама береміз:
Біріншіден, қазіргі замандағы нарық
тұтынушы нарығы
болып табылады. Нарықтың мұндай жағдайы сатушыларға
қарағанда өнімді тұтынушылардың басымдылық жағдайын
анықтайды, яғни
“тұтынушылар диктаты” “өндірушілер
диктатына” қарама-қарсы.
Нарықтың
екінші міндетті белгісі болып оның бәсекелестік
сипаты табылады. Бұл дегеніміз бизнес жүйесінде әрбір субъект
басқа барлық субъектілерге бәсекелес ретінде бола алады.
Қазіргі заманғы нарықтың
үшінші белгісі – интеграция
(қосылу)
негізінде субъектілер арасындағы қатынастарды
тұрақтандыру. Бұл субъектілердің іскерлік қатынастарда
экономиканы монополизациялауға қарсы іс-әрекетке мүдделі
екенін білдіреді, олардың мүддесі экономиканы монополизация-
лаумен емес, интеграциясымен (қосылуымен) байланысты.
Нарықтық жүйе, жекеменшіктің үстемділігімен, еңбектің
қоғамдық
бөлінуімен,
ақшаның
көмегімен
жүргізілетін
айырбастық қатынастың кеңірек дамуымен сипатталады.
Нарық
жүйесі
аралас
меншікпен,
алға
басқан
технологиямен, мемлекеттің қатынасуымен негізінде дамиды.
Кәсіпкерлік тірліктің ынталандырушы ретінде үлкен пайда алу,
шығындарды төмендету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: