Н. А. Маженова экономикалық теория


 Тауарлы шаруашылықтың негізгі категориялары



Pdf көрінісі
бет28/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

4.2. Тауарлы шаруашылықтың негізгі категориялары 
 
Экономикалық қатынастарға талдау жасауды Маркс тауардан 
бастайды.       
Себебі: 
Біріншіден, тарихи тұрғыдан алғанда капитализм жәй тауар 
шаруашылығынан өсіп шығады. 
Екіншіден,  тауарлар  жиынтығы  қоғамның  байлығы.  Ал 
тауар  оның  ішінде  өте  қарапайым  кішкене  ғана  клеткасы,  бұл 
клеткада барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары бар. 
Үшіншіден,  капитализм  тұсында  жұмыс  күші  де  тауар 
болып  табылады.  Тауар  дегеніміз  не?  Тауар  –  бұл  сату  үшін 
арналған еңбек өнімі. Тауардың екі қасиеті бар: 
  ол адамның белгілі бір қажетін қанағаттандырады; 
  басқа тауарға айырбасталу қасиеті. 
Басқаша  айтқанда  тауардың  тұтыну  құны  және  айырбас 
құны бар.  
Тауардың  тұтыну  құны,  оның  адамға  пайдалы  болуында. 
Адамның  белгілі  бір  қажетін  қанағаттандырады.  Өндірістің 
міндеті – тауардың тұтыну құндарын жасау. 
Айырбас  құны  дегеніміз  –  бұл  тауардың  белгілі  бір 
пропорцияда  басқа  тауарлармен  айырбасталу  қасиеті.  Екі 
тауардың айырбасталуы олардың өзара бір-бірімен теңесуі деген 
сөз. 
Тауарды өндіру үшін адамның еңбегі керек. 
Еңбектің  бірінші  жағы  –  нақты  еңбек.  Нақты  еңбек  – 
белгілі  бір  пайдалы  формада  жұмсалатын  еңбек,  белгілі  бір 
тұтыну құнын жасайды. 
Еңбектің  екінші  жағы    –  абстракты  еңбек.  Абстракты 
еңбек дегеніміз жалпы адамның еңбегі,  оның қоғамдық сипаты 
тауар айырбасы процесінде көрінеді. 


Н. А. Маженова 
 
48 
Тауарлардың жалпы объективтік қасиеті  – оларды өндіруге 
қоғамдық  қажетті  еңбектің  жұмсалуы.  Тұтыну  құндары  ретінде 
тауарлар  әр  түрлі  болады  да,  ал  қоғамдық  қажетті  еңбек 
нәтижесі ретінде олар біртектес болып келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет