Н. А. Маженова экономикалық теория


 Құн теориясы  мен шектелген пайдалылық теориясы



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

4.3. Құн теориясы  мен шектелген пайдалылық теориясы 
 
Маркстің еңбектің теориясының негізгі жағдайлары: 
1)  Маркстің  көрсетуінше,  құн  дегеніміз  –  адамдар 
арасындағы айырбас процесінде болатын қоғамдық қатынас. 
2)  Құн  дегеніміз  –  тауар  өндірушілердің  тек  еңбегі  ғана  -  
абстракті еңбегінің іске асуы. 
3)  Тауардың  құнының  мөлшері,  жеке  емес,  қоғамдық 
қажетті жұмыс уақытысымен анықталады. 
Яғни,  құн  дегеніміз  –  тауар  өндірушілер  арасындағы 
қоғамдық-өндірістік 
қатынастарды 
көрсететін, 
тауардың 
қоғамдық қасиеті. 
4)  Әр  түрлі  тауар  өндірушілер    бір  тауарды  өндіруге  әр 
мөлшерде  уақыт жұмсайды. Қоғамдық құнның мөлшері ретінде 
жеке  уақыт  мөлшерімен    белгілене  алмайды.  Тауардың    құны 
дегеніміз  –  бұл    өндіруге  кеткен  қоғамдық  қажетті    жұмыс 
уақытпен белгіленетін құн. 
5)  Тауар  құнының  мөлшері  –  оны  өндіруге    қоғамдық 
қажетті  еңбек  санымен  белгіленеді  және  жұмыс  уақытымен 
өлшенеді. 
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз – белгілі бір 
тауарды  өндіруге  өндірістің  қоғамдық  қалыпты  жағдайында 
және  сол  қоғамда  еңбектін  шеберлігімен  интенсивтілігінің  орта 
дәрежесі жағдайында жұмсалатын уақыт. Тауардың бір өлшемін 
өндіруге  басқалардан  аз  жұмыс  уақытын  жұмсаған  тауар 
өндіруші тиімді жағдайда болады.  
Белгілі бір тауарды өндіруге ірі және ұсақ өнеркәсіптері әр 
түрлі  уақыт  жұмсайды,  ал  ол  тауарды  бірдей  бағамен  сатады. 
Еңбек  өнімділігі  жұмыс  уақыты  өлшемінде  өндірілген  өнім 
мөлшерімен  белгіленеді. Еңбек өнімділігінің артуына байланысты 
тауар  өлшемінің  құны  кемиді.  Еңбектің  интенсивтілігі 
дегеніміз  –  уақыт  өлшемінде  жұмсалған  жұмысшы  күші.  Бір 


Экономикалық теория 
 
49 
уақыттың ішінде неғұрлым интенсивті еңбек интенсивтілігі кем 
еңбекке қарағанда көбірек кұн жасайды.  
Маркстің  құн  категориясының  орнына  пайдалылық  пен 
субъективті  құндылық  категория  қарсы  койылады.  Бұл 
теорияны 
ғалымдар 
19-20 
ғасырдың 
арасында 
құрған. 
Құндылықты  сирек  игілікпен  байланыстырады,  яғни  оның 
қорының мөлшерімен. 
Пайдалылықтың 2 түрі болады: 
1) Абстракты пайдалылық (жалпы пайдалылық); 
2) Нақты пайдалылық (оның субъективті мөлшері). 
Игіліктің 
құндылығы, 
оның 
соңғы 
данасының 
пайдалылығымен  анықталады.  Маркс  теориясы  бойынша  құн 
өндірісте пайда болып, нарықта (базарда) көрінеді. Егер тауарды  
базарда  біреу  сатып  алса,  оның  еңбек  шығындарын  біреу 
қоғамдық  қажетті  еңбек  шығындары  деп  бағалағаны  емес.  Онда, 
сол тауар, сатыпалушыға қажет, пайдалы, кұндылық қасиеті бар. 
Сатыпалушы  бұл  тауардың  тұтыну  құнын  бағалайды.  Яғни, 
құндылық  субъективті  категория.  Құн,  (құндылық)  айырбас 
категория болғаны. Құндылық, ол сатыпалушының көзалдындағы 
бағалы  нәрсе.    Субъективті  баға  затқа  құн  (құндылық)  береді. 
Әрбір  сатыпалушы,  қоғамдық  қажетті  еңбек  шығындары 
болғанына  емес,  ұнағанын  сатып  алады.  Мысалы,  вокзал 
алаңындағы  гүл  шоғының,  болмаса  ұлы  суретшінің  суретінің 
құнын  қалай анықтауға  болады?  Әрине,  қоғамдық қажетті  еңбек 
шығындары емес. Соңғы данасының пайдалылығы, ол шектелген 
пайдалылық. Тауардың бағалары субъективті бағаға тәуелді, және 
сол данасы пайдалылықпен анықталады. 
Маршалл  шектелген  пайдалылық  теориясын  сұраныс  пен 
ұсыныс  теориясымен  және  өндіріс  шығындары  теориясымен 
қосты.  Маркстің  теориясында  құнның  қайнар  көзі  тек  еңбек 
болып саналады.  Маржинализмнің теориясында құнның қайнар 
көзі тек шектелген пайдалылық теориясы саналады. Маршалдың 
теориясында құн мен бағаның анықтамасы, нарық күшінің өзара 
қатынасымен  байланысты.  Сұраныс  жағынан  –  бұл  шектелген 
пайдалылық,  ал  ұсыныс  жағынан  ол  өндіріс  шығындары. 
Маршалдың тұжырымынша тауардың кұны, оның пайдалылығымен 
және өндіріс шығындарымен анықталады. 


Н. А. Маженова 
 
50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет