Экономикалық теория
31
Әкімшілік-әміршілік жүйені нарықтыға трансформациялау
Өтпелі кезең деп тарихи қысқа мерзім түсіндіріледі (бір
онжылдық шамасы), ол уақытта әкімшілік-басқарушы экономика
түбірлі қайта құрылады және нарықты экономика қалыптасады.
Нарықты экономиканың қалыптасуының басты бағыттары
мыналар болады:
1. Либерализациялық экономика-шаруашылық экономиканың
барлық өрісінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ тию мен
шектелулерді қысқартуға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл,
шаруашылық операцияларына мемлекеттік үстемділікті жою,
ресурстарын
орталықтан
бөлуді
қысқарту,
бағаны
либерализациялау.
2. Экономиканы демонополизациялау және бәсекелес
ортаны құру ол, іскерлік белсенділік үшін тең жағдай құру,
нарыққа шетелдік бәсекелестердің енуі, орта және кіші бизнесті
марапаттау, табиғи монополияда баға саясатын реттеу.
3. Институционалдық қайта құру қарастырады, меншік
қатынастарын
реформалау,
нарықтық
инфрақұрылымды
(коммерциялық банктер, тауарлы және қор биржалары,
инвестициялық қорлар) қалыптастыру, нарықтық жағдайларға
сәйкестелінген заңдылықтар қабылдау.
4. Халық шаруашылығы құрылымындағы диспропорцияны
жоюға бағытталған құрылымдық өзгертулер.
5. Қаржылық ортадағы макроэкономикалық тұрақтылығы
үшін мемлекеттік бюджеттегі тапшылықты төмендету, ақша
эмиссиясын шектеу, инфляцияны жою керек.
6. Халықтың өте мұқтаж қабатына адрестік әлеуметтік
көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік қорғау жүйесін
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: