Н. А. Маженова экономикалық теория



Pdf көрінісі
бет3/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

 
 
 
 
 
 
 


Экономикалық теория 
 

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ.   
      ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ  ҚОҒАМ  
      ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ 
 
1.1. Экономикалық теорияның пәні 
 
Алғаш    рет  экономика  терминін  ежелгі  грек  философы 
Ксенофонт  (430-355  жж.  біздің  эрамызға  дейін)  қолданды. 
Экономика сөзі гректің “oikonomia” деген сөзінен шыққан.  
Саяси  экономия  терминін  1615  жылы  Антуан  де 
Монкретьен  (1575-1621)  енгізген.  Францияда  оның  “Саяси 
экономиканың  трактаты”  атты  еңбегі  жарық  көрді.  Бұл  ғылым 
гректің үш сөзінен тұрады: политейа (қоғамдық құрылғы), ойкос 
(үй,  шаруашылық),  номос  (ереже,  заң),  яғни  “үй  (мемлекеттік, 
қоғамдық) шаруашылықты басқару” ретінде ілімді білдіреді. 
19-20  ғасырларда  ҚСРО-ға  саяси  экономия  оқытыла 
бастады.  Ол  кездері  саяси  экономияда  марксизм  билік  етті. 
Марксизм  капитализм  үшін  бұзатын,  қастық  жасайтын  теория 
болды.  Бұдан  келешектегі  ғылымның  саясаттануы  мен 
идеологияландыруы  шықты.  Экономикалық  теория  екі  түрлі 
ғылымға 
бөлінеді: 
пролетарлық 
саяси 
экономия 
мен 
буржуазиялық  экономика,  кейіннен  “экономикс”  деп  аталып 
кетті.  Сонысымен  саяси  экономияға  класстың  сипаты  берілді. 
Капитализм  нақты  мәселелерді  шешуді  қажет  етті:  монополия 
билігін,  жұмыссыздықты  қалай  азайту  керек,  дағдарыстардан 
қалай  құтылу  керек.  Осы  және  осы  сияқты  мәселелер  Батыста 
экономикалық  зерттеулердің  нақтырақ,  қолданбалы  сипатын 
анықтады.  “Экономикс”  ғылымы  үлкен  екі  бөлімге  бөлінді  – 
микроэкономика  және  макроэкономика,  олар  өз  алдына  жеке 
оқу объектілеріне айналды. 
Материалдық  өндіріс  –  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  негізі. 
Өмір  сүру  үшін,  ең  алдымен,  міндетті  түрде  бір  нәрсе  жеу  керек, 
бір  жерде  тұрып,  киіну  керек.  Тамақ,  баспана,  киім  –  бұл    үш 
мәселенің айналасында адам қоғамы құрылып ұйымдастырылады. 
Ол  үшін,  әрине,  оны  өндіру  қажет.  Өндіріссіз  адам  өмір 
сүруі  мүмкін  емес,  сонымен  қатар  рухани  мәні  де  жоғалады. 


Н. А. Маженова 
 

Өндіріс барысында адамдар белгілі бір қарым-қатынасқа түседі. 
Кейбіреулер  ұйымдастырады,  басқалары  сонымен  айналысуда, 
үшіншілері  дайын  өнімді  тұтынушыға  дейін  жеткізеді.  Өндіріс 
белгілі  бір  жағдайда  ұйымдастырылады.  Мұндай  қатынастар 
өндіріс  процесінде  пайда  болатындықтан,  олар    өндірістік 
қатынастар  деп  аталады.  Сол  уақытта  олар  меншік 
қатынастары  болып  табылады.  Жұмыскерлер  арасында  тек 
ұйымдастырушылық-экономикалық  қатынастар  қалыптасады. 
Өндірістік 
қатынастар 
жұмыскерлер 
мен 
кәсіпорын 
басшысының  арасында  орнығады.  Осылайша,  өндірістік 
қатынастар  мен  меншік  қатынастары  өзара  тығыз  байланысты, 
сонымен бірге осындай дәрежеде екіншісі біріншісіне қарағанда 
басты мазмұнға ие. 
Өндірістік  қатынастар  қоғамының  барлық  бағыттарын  –  
тігінен және көлденеңінен  қамтиды. Әрбір адам өз білімділігіне 
байланысты  бір  қоғамды  екіншісінен  айырады,  тарихи  даму 
кезеңдерінің ерекшеліктерін қамтиды,  меншіктің бір формасын 
екіншісінен айырады, меншік формалары арқылы  қоғам түрі де 
айқындалады. 
Саяси  экономия  өндіріс  қатынастарды  ғана  емес,  адамзат 
қоғамының анатомиясын да зерттейді. 
Таза капитализмнің құрылуы кезінде саяси экономия пайда 
болды.  Одан  салалық  және  нақты  экономикалық  ғылымдар 
шығады: маркетинг, менеджмент, бухгалтерлік  есеп, статистика 
және  т.б.  Осылардың  негізінде  қиылысқан  экономикалық 
ғылымдар: экономикалық география және тарих,  экономикалық 
құқық,  демография  және т.б. 
Сондықтан,  саяси  экономия  ғылым  ретінде  бастапқы 
сипатта болды. Саяси экономия өз пәнінде  шектеліп қалған. Ол 
құнға 
байланысты 
қатынастарды 
зерттейді, 
бірақ 
құн 
калькуляциясымен  айналыспайды:  ақшаның  табиғаты  мен 
тарихын  зерттейді,  бірақ  банк  ісімен  айналыспайды:  қосымша 
құн  өндірісінің  табиғатымен  механизмін  зерттейді,  бірақ  оның 
меншік 
факторлары 
арасындағы 
бөлінудің 
нақты 
пропорцияларын 
қарастырмайды. 
Мұндай 
экономикалық 
ғылымның  басқа  бағыттары  айналысады:  микроэкономика, 
макроэкономика, әлемдік экономика және көшпелі экономика. 


Экономикалық теория 
 

Микроэкономика 
– 
экономикалық 
теорияның 
жеке 
экономикалық 
субъектілердің: 
үкіметі 
ұйымдары 
және 
мекемелері,  салалар,  фирмалар,  үй  шаруашылықтарының, 
индивидтердің,  сонымен  қатар  жеке  нарықтар,  тауарлар  мен 
қызметтер және олардың бағаларын зерттейтін бөлімі. 
Макроэкономика 
– 
жалпы 
экономикалық 
теорияның 
экономиканы  біртұтас  кешен  түріндегі  мәселелерін  ұлттық 
шаруашылық  деңгейінде  зерттейтін  бөлімі.  Макроэкономика 
тұрғындар табысының табиғаты мен шығу тарихын, ұлт байлығын 
тұтастай, қоғамдық еңбек өнімділігі мен анықтаушы факторларын,  
пайыз  қозғалысын,  жұмыссыздықты  және  оның  табиғатын, 
инфляцияны  зерттейді.  Ол  ірі  масштабты  экономикалық  процесті 
зерттеп, жалпы экономикалық мәселелердің шешімін іздейді. 
Екі 
бөлімді 
бірге 
оқу 
қажет. 
Макроэкономика 
экономикалық  процестерді  жалпы  ұлттық  деңгейде,  ал 
микроэкономика сол процестерді фирма  шаруашылық субъекті 
деңгейіндегі  процестерді  қарастырады.  Талдау  нәтижелері 
көбінесе қарама-қарсы болып шығады. 
Экономикалық 
ғылымның 
микро-макроэкономикаға 
бөлінуі  қандай  да  бір  дәрежеде  шартты.  Осы  екі  экономикалық 
теорияның  ірі  екі  бөлімдері  өз  мәселелерін  саяси  экономияның 
пәні  болып  табылатын  заңдар  мен  категориялардың  негізінде 
зерттейді.  
Экономикалық  теорияның  пәні  туралы  айта  отырып, 
ресурстар  сиректігі  мәселесін  айта  кеткен  жөн.  Ресурстар  дәл 
қазіргі уақытта шектеулі, әрі өте сирек. 
Өзінің  даму  баспалдағы  бойынша  адам  өндіріс  процесін 
жетілдіріп,  еңбек  өнімділігін  арттырып,  жұмыс  уақыты  немесе 
ресурстарды  үнемдеді.  Экономия  жалпы  экономикалық  заң 
болып табылады. 
Экономикалық  теория  –  шектелген  ресурстар  жағдайында 
адамдар  арасындағы  өндірістік  қатынастар  туралы  ғылым.  Ол 
экономикалық  қатынастардың  өндіру,  бөлу,  айырбастау  және 
материалдық  игіліктерді  тұтыну  бойынша  қоғам  мүшелері, 
заңдылық  және  олардың  барлық  деңгейде:  индивидтің, 
кәсіпорынның  (фирманың),  қоғамның  даму  тенденцияларының 
барлық жиынтығы болып табылады. 


Н. А. Маженова 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет