1.4. Экономикалық теорияның ғылыми зерттеу әдістері
және қызметтері
Шаруашылық процестерді зерттей отырып, экономикалық
теория жалпы ғылыми тану әдістерін қолданылады. Экономика
сферасына маңыздылары болып келесілер табылады:
- фактілерді жинау және бақылау;
- эксперимент (тәжірибе);
- модельдеу;
- ғылыми абстракция әдісі;
- индукция және дедукция;
- тарихи және логикалық;
- графикалық және т.б.
Кез келген ғылыми қызмет іс-тәжірибеге негізделеді. Бұл
бақылауды қамтиды, яғни нақты жағдайда экономикалық
процестерді қабылдау және фактілерді жинау. Мысалы, нарықтық
бағалар белгілі бір кезеңде қалай өзгергенін анықтауға болады.
Эксперимент ғылыми тәжірибенің жасанды жүргізілуін
қамтиды. Мысалы, еңбекақының жаңа жүйесінің тиімділігін
анықтау үшін жұмысшылардың белгіленген тобы ішінде
тәжірибе жүргізіледі.
Модельдеу әдісі әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды
олардың теориялық үлгісі (моделі) бойынша зерттеуді
қарастырады.
Ғылыми абстракция әдісі экономикалық түсініктерді,
категорияларды (мысалы, тауар, ақша, баға және т.б.) анықтау
үшін қолданылады. Ол үшін жанама қасиеттерінен міндетті
Н. А. Маженова
14
түрде сол ұғымның негізгісін ажырата білу қажет. Мысалы,
тауар категориясында міндетті түрде тауардың түсін, дәмін,
салмағын ажыратып, ең басты оның жай ғана адам еңбегінің
өнімі екенін түсіну маңызды.
Талдау және синтез әдісі әлеуметтік-экономикалық
құбылыстарды
бөлек-бөлек
(талдау)
және
тұтасымен
(синтездеу) зерттеуді қарастырады. Мысалы, экономикалық
көрсеткіштерді әрбір шахта бойынша жеке зерттеу – бұл талдау,
ал көмір саласының жалпы жұмыс суретін құру – бұл синтездеу
болады.
Индукция және дедукция екі қарама-қарсы, бірақ өзара
тығыз байланысқан ойлау тәсілін білдіреді. Фактілерден теория
шығару индукция деп аталады. Экономистер өз зерттеулерінде
дедукция әдісін қолданады. Егер тұрақтану теория бар болса,
онда оның негізінде болжанған құбылыстар мен фактілердің
даму жолын есептеуге болады.
Тарихи және логикалық әдістер де бірге пайдаланылады.
Олар
әлеуметтік-экономикалық
процестерді
толығымен
зерттеуді олардың тарихи тізбектілігі бойынша қарастырады,
бірақ бір уақытта логикалық жалпылаумен жалпы қорытынды
шығарып, тұтасымен процестерді бағалауға мүмкіндік алады.
Мысалы, ғалымдар әр түрлі елдердегі 20 ғасырда құрылыс
социализмінің тәжірибе ерекшеліктері нақты даму жолын
бөлшектеп зерттеген. Бұл осы елдердегі экономикалық
тиімсіздігі туралы, тауар тапшылықтары және т.б. туралы
логикалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Графикалық әдіс экономикалық зерттеулерде әртүрлі
сызбалардың,
схемалардың,
графиктердің
иллюстрациясы
ретінде
толық
теориялық
материалды
түсіндіру
үшін
қолданылады, нәтижесінде көрнекті, әрі түсінікті болып
шығады. Мысалы: қоғамдық ұдайы өндірістің циклдік графигі,
Лоренц қисығы және т.б.
Экономикалық теорияның міндетті – фактілерді жүйеге
келтіру,
талқылау
және
жалпылама
қорытындылау,
заңдылықтарды шығару, олардың өзара байланысы мен
тәуелділігін байқау және экономикалық принциптер мен
олардың заңын құру.
Экономикалық теория
15
Сонымен, экономикалық теориямен пайдаланылған әдістер
кешені, экономикалық шындықты тану әдістері.
Экономикалық теория әдістемелік қызметін орындай
отырып, басқа экономикалық пәндерді зерттеу үшін ғылыми
негізделген, объективті тұғыр береді, танымалы қызметіне ие
болып, экономикалық заңдар мен құбылыстарды іс-әрекетін
түсінуге көмектеседі: нарықтық жүйе дегеніміз не, оның
механизмі қалай құрылған, жалпы экономикалық тепе-теңдікті
қалай қамтамасыз етеді және т.б.; тәжірибелік қызметін тарата
отырып,
мемлекеттің
экономикалық
саясатын
жасауға
мүмкіндік береді: мемлекет қалай және қандай механизм
арқылы
жұмыссыздықты
реттейді,
фискалдық
саясатты
анықтайды, инфляцияны төмендетеді және т.б.; болжамдық
қызметі орындай отырып, экономиканың жоспары мен даму
болжамдарын және жалпы қоғамның бір тұтас құруға болады.
Позитивті және нормативті экономикалық теория
Позитивті экономикалық теория дегеніміз бұл, не бар, не
нәрсе
анықталған,
не
соған
жеткізген.
Позитивті
тұжырымдардың негізінде экономикалық теория заңдылықтар,
категориялар және заңдардың шаруашылық жүйелердің дамуы
бойынша принциптер шеңбер жасайды. Ендеше, позитивті, бұл
шаруашылық қызметінің экономикалық процестерінің мазмұны
болып табылады. Позитивті экономикалық теория – объективті
экономикалық заңдардың механизмі мен өзгешелігін әрекетін
түсіндіреді.
Нормативті экономикалық теория не және қалай болуы
керектігімен байланысты болады, егер біз қандай да бір
нәтижелерге жетуді мақсат етіп қойсақ. Нормативті экономикалық
теория экономикалық қызметті, мемлекет саясатын және барлық
нарық субъектілерін тұтасымен қалыптастырады.
Позитивті, ненің бар екенін, қарастырса нормативті қалай
болуы
керектігін
қарастырады.
Нормативті
бағалаулар,
нормативті
разрядтан
позитивті
разрядқа
өтеді,
ол
экономикалық теорияның жетістігі болып өзінің дамуында тағы
да ілгері бір қадам жасайды.
Н. А. Маженова
16
Достарыңызбен бөлісу: |