Н. А. Маженова экономикалық теория


 Негізгі экономикалық ұғымдар: қажеттілік



Pdf көрінісі
бет4/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

1.2. Негізгі экономикалық ұғымдар: қажеттілік,  
       материалдық игілік және қызмет, шектеулі  
       ресурстар, экономикалық заңдар мен категориялар 
 
Адам қажеттіліктерінің жиынтығы – бұл оған жағдай жасау 
жиынтығы.  Адам  өзінің  қажеттіліктерін  қанағаттандыруы  тиіс. 
Қажеттіліктер  –  материалдық,  рухани,  әлеуметтік,  олар 
сәйкесінше  еркін  және  экономикалық  игіліктерге  байланысты 
қанағаттандырылады. 
Еркін  игіліктер  шексіз  мөлшерде  қоғам  иелігінде  болады. 
Бұл – жарық, ауа. 
Экономикалық  игіліктер  адаммен  өндіріледі,  олар  үнемі 
жер,  еңбек,  капитал  шектеулігіне  байланысты,  шектеулі  ресурс 
болып  табылады.  Адамдардың  қажеттіліктері  шексіз.  Адам 
тарихи және әлеуметтік жағынан дамыған сайын қажеттіліктері 
де  өседі,  адамдардың  мәдени  деңгейі  артады,  кез  келген 
жаңалық  қажеттілік  болып  табылады,  жердегі  тұрғындар  саны 
да арта түседі. 
Қажеттіліктер классификациясы А. Маслоудың қажеттіліктер 
пирамидасында көрсетілген. 
  
 
1.1-сурет.  Қоғамдық қажеттілік 
 
       Өзін дамытуға 
               Құрметке қажеттілік 
            Әлеуметтік байланысқа қажеттілік 
                            Қауіпсіздікке қажеттілік 
                                   Физиологиялық қажеттілік 


Экономикалық теория 
 

Сонымен,  адам  материалдық  игіліктер  мен  қызметтерге 
шексіз  қажеттіліктермен  ие  болады.  Барлық  мәселе  де  осыған 
келіп  тіреледі.  Бұл  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  керек,  бірақ 
ресурстар  шектеулі  және  сирек.  Адамның  бүкіл  экономикалық 
қызметі  үнемі  ресурстардың  шектеулілігін  көруге  бағытталды. 
Ресурстар – бұл қоғамның өндіріс процесі кезінде нақты жүзеге 
асыру  мүмкіндігі  болып  табылады.  Ресурстар  дегеніміз  өндіріс 
процесінде 
қолданылуға 
болатын 
құралдар. 
Жалпылама 
айтқанда,  оларды  өндірістің  келесідей  факторлары  деп  атауға 
болады: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік, мәлімет. 
Ресурстардың 
шектеулігіне 
байланысты 
қоғам 
экономикалық  ғылымның  алдында  тұратын  үш  сұраққа  жауап 
береді.  Не  өндіру  керек?  Қандай  тауарлар  мен  қызметтер? 
Қандай  мөлшерде  өндіру  қажет?  Қоғамдық  өндіріс  құрылымы 
құрылады,  оның  салалары  мен  бөлімшелері  қалыптасады. 
Осыдан  пайдалы  салалар,  неғұрлым  дамыған,  сол  қатардан  
қалып қойған салалар бөлінеді. Кейінгісіне көбінесе кәсіпкерлер 
барғысы  келмейді.  Қалай  өндіру  керек?  Өндіріс  ұйымы  қандай: 
жоспарлы  немесе  нарықтық,  қандай  технологияны  қолдану 
керек.  Жаңа  заманға  сай  технология  соғұрлым  үнемдірек  бола 
алады.  Кім  үшін  өндіру  керек?  Сатып  алушы  кім  болады, 
тұрғындардың қандай әлеуметтік қабаты, олардың жас құрамы. 
Бұл  сұрақтардың  барлығы  меншік  қатынастарының 
мазмұнымен  тығыз  байланысты.  Сондықтан,  шаруашылық 
жүйесі  нарықтық  немесе  жоспарлы  болып  бөлінеді.  Сөйтіп, 
адам  қажеттіліктері  шексіз,  оларды  қанағаттандыру  ресурстары 
шектеулі.  
Шаруашылық  субъектілер  арасындағы  экономикалық 
қатынастардың  көрінетін  және  көрінбейтін  жағы  болады. 
Көрінетін  жағы  шаруашылық  қызметтің  материалдық  жағы. 
Оларды,    өнімдердің  қозғалысы  бойынша  өндіру,  бөлу, 
айырбастау  және  тұтыну  сатысында  көруге  болады.  Адамдар 
арасындағы  қатынастар  көлеңкеде  қалады.  Осы  байланыстар 
коммерциялық құпия астында жасырын қалады. 
Экономикада  туындаған  сұрақтардың  басты  экономикалық 
мәселелер  –минимум  өндірістік  шығындарды  шығара  отырып, 
көп мөлшерде игіліктерді алу мәселесі.  


Н. А. Маженова 
 
10 
Сондықтан,  экономикалық  теорияның  негізгі  пәні  болып 
адамдардың өсе беретін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
шектелген ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіру. 
Қоғам  дамуындағы  экономикалық  заңдар.    Экономикалық 
теорияның басты функциясы –  фактілердің жинақталуы, белгілі 
бір  себептер  байланысын,  олардың  белгілі  тізбектілікте 
орналасуын  анықтау.  Экономикалық  теорияның  пәні  берік, 
тұрақты,  мәнді  себеп-салдарлы  байланыстардың  фактілер, 
процестер  арасындағы  қоғамның  экономикалық  өміріндегі 
орнын анықтау.  Бұл байланыстар экономикалық заңдар болып 
табылады.  Мысалы  құн  заңы,  ақша  айналымының  заңы, 
сұраныс пен ұсыныс заңы және т.б.  
Экономикалық  заңдар  объективті  сипатта  болады,  яғни 
олар  адамдардың  санасына  және  еркіне  бағынбайды.  Адам  тек 
осы  заңдардың  іс-әрекет  механизмін  сезініп,  осы  заңдардың 
талаптарына сай экономикалық шешімдер қабылдауы тиіс. Осы 
аталған  заңдардың  талаптарын  орындамаған  жағдайда,  олар 
үлкен  бүлдіруші  күшке  ұшырайды.  Мысалы,  жұмыс  уақытын 
үнемдеу  заңы  шексіз  қажеттіліктер  мен  шектеулі  ресурстар 
байланысын  білдіреді.  Бұл  заңның  талабы  –    “аз  шығын  –  көп 
нәтиже” принципін сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет