Н. А. Маженова экономикалық теория


 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы



Pdf көрінісі
бет5/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

 
1.3. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы 
 
Қоғам 
қажеттілігі 
шексіз 
болғандықтан, 
оларды 
қанағаттандыру құралдары үнемі шектеулі болғандықтан, қоғам 
алдында әр сәт сайын таңдау мәселесі тұрады. Не және  қанша 
мөлшерде өндірілуі тиіс. Барлық өнімдерді және әрдайым қажет 
мөлшерде  шығара  алмаймыз.  Ресурстар  қаншалықты  шектеулі 
болса,  соғұрлым  жаңа  заманға  сай  өндіріс  жағдайларында 
ғылымның,  техниканың  және  білімнің  дамуы  кезінде  қоғам 
барлық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. 
Қоғам үнемі бір міндетті шешуге мәжбүр болады: шектеулі 
ресурстарды  пайдалана  отырып,  максималды  дәрежеде  өзінің 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру.  Шығындардың  минимумы  – 
нәтижелердің максимумы – міне ең алғаш экономикалық теория 
осы принциптен шыққан. 


Экономикалық теория 
 
11 
Адам,  шектеулі  ресурстарды  пайдалану  туралы  таңдауға 
кездеседі:  
  өндіруші – не өндіру қажет, таза максимум табыс алу үшін; 
  кәсіпорын – минимум ресурстарды қолдану үшін, қандай 
технологияны қолдану керек; 
  тұтынушы  өз табысын қалай жұмсауға болады; 
  мемлекет – қандай әлеуметтік-экономикалық құрылымда 
бюджеттік қаржыларды жұмсауға болады. 
Сонымен,  экономикалық  таңдау  –  бұл  неғұрлым  тиімді 
шектеулі ресурстарды пайдалануды іздеу. 
Экономикалық таңдаудың негізгі принципі – рационалдық.  
Өндірістік  мүмкіндіктер  –  бұл  тауарлар  мен  қызмет 
көрсетулердің  максималды  саны,  яғни  берілген  кезеңде,  бір 
уақытта  ресурстар  мен  технологиялар  арқылы  өндірілген. 
Шартты мысалды қарастырайық. 
Мысалы,  қоғам  қандай  да  бір  баламалы  өнімнің  тек  екі 
түрін  өндіреді  делік  –  қару-жарақ  және  май.  Сонымен  қатар, 
экономикалық  ресурстармен  өндіріс  деңгейі  белгіленген 
мөлшерде бар, жұмыссыздық жоқ делік. 
Жалпы  ресурстардың  шектеулілігі  бір    жыл  ішінде  мына 
тауарларды өндіре алады, мысалы, келесі баламалы қатынастарда; 
А)  10  қару-жарақ  бірлігін  майдың  нөлдік  шығарылымы 
болған; 
Б)  9 қару-жарақ бірлігі + 1 май берілген;  
В)  7  қару-жарақ  +  2  май  бірлігі  және  тағы  басқа  (кестеде 
берілген). 
 
1.1-кесте 
Ресурстарды толық пайдаланудағы кітаптар мен 
станоктардың жылдық өндіріс мүмкіндіктері 
 
Өнімнің түрлері 
Өндірістік альтернативалары 
А 
В 
С 
Д 
Е 
Май (мың. т ) 





Қару-жарақ  
(мың дана) 
10 






Н. А. Маженова 
 
12 
Осы кестенің мәліметтері негізінде өндірістік мүмкіндіктер 
шекарасын станоктар мен кітаптар үшін қисық сызығын сызуға 
болады.  
 
 
 
 
1.3-сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы 
 
A,B,C,D,E  нүктелері  қару-жарақ  пен  май  өндірісінің 
баламалы  варианттары  және  де  максималды  мүмкін  өндіріс 
көлемі  әртүрлі  үйлесімде.  Мұнда  көп  қару-  жарақ  аз  май  және 
керісіншені  білдіреді.  Материалдық  және  еңбек    ресурстары 
өндірістік  мүмкіндіктерден  сызығынан  тыс  болса  қару-жарақ 
пен  май    өндірісі  мүмкін  емес  болады,  мысалы  Ж  (жоқ) 
нүктесінде.  Өндірістік  мүмкіндіктер  сызығының  ішінде  болса, 
толық  емес  өндіріс  жағдайында  және  жұмыссыздық  орын  алса, 
өндіріс  болуы  мүмкін,  мысалы  Б  нүктесінде.  Осылайша, 
өндірістік  мүмкіндіктер  сызығындағы  нүктелер  қару-жарақ  пен 
май  шығару  үшін  бар  ресурстарды  пайдаланудың  неғұрлым 
тиімді  варианттарын  көрсетеді.  Қоғам  олардың  қажетті 
комбинациясын ғана таңдайды.  
Сонымен  бірге  қоғам  өзінің  таңдауын  альтернативті 
(баламалы)  деп  атайды.  Бұл  қалаған  екеуінен  альтернативті 
бірін  таңдау  кезінде  қайсысынан  айырламыз,  сол  табылады. 
Мысалы,  біз  велосипед  пен  костюм  алғымыз  келсе,  бірақ 
Май (мың.т) 
Қару-жарақ (мың дана) 
 
 
 
А 
 
 
 
В 
С 
С

С

С
Б 
.
Ж 
 
 
 


Экономикалық теория 
 
13 
ақшамыз  екеуінің  біріне  ғана  жетеді.  Егер  велосипед  таңдасақ, 
онда  костюм  альтернативті  шығындарға  жатады.  Ендеше, 
альтернативті  шығындар  –  бұл  таңдау  бағасы  немесе  өндірістік 
альтернативті ауыстыру кезінде жіберілген пайда. Экономикада 
альтернативті  шығындардың  өсу  заңы  жүзеге  асырылады.  Бұл 
дегеніміз  әр  өнімнің  шығару  мөлшерінің  артуы  бойынша 
альтернативті  шығындар  әр  өнім  бірлігіне  артады.  Әр  түрлі 
тауарларды  дайындау  үшін  мұндай  заңның  іс-әрекет  себебі 
өзара толықтырушы факторлардың толық емес болуында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет