Н. А. Маженова экономикалық теория


) Экономикалық цикл мына кезеңдерден тұрады



Pdf көрінісі
бет97/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

7) Экономикалық цикл мына кезеңдерден тұрады: 
A) дағдарыс - жандану -  қырау -  өрлеу; 
B) жандану - өрлеу – тоқырау - дағдарыс; 
C) дағдарыс – тоқырау – жандану - өрлеу; 
D) тоқырау – дағдарыс - өрлеу - жандану; 
E) дағдарыс – жандану - өрлеу. 
 
8) Экономикалық циклдің себептері: 
A) нарықтық құрылыммен; 
B) ішкі себептері; 
C) ішкі және сыртқы себептері; 
D) сыртқы себептері; 
E) бәсекенің болуы. 
 
9)  Төмендегілердің  экономикалық  цикл  түрлерінің 
авторына жатпайды: 
A) К. Жугляр; 
B) Дж. М. Кейнс; 
C) Н. Д. Кондратьев; 
D) С. Кузнец; 
E) Дж. Китчин. 
 
Тест сұрақтарының  дұрыс жауаптары: 1В, 2В, 3Е, 4С, 5D, 
6В, 7С, 8С, 9В.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Н. А. Маженова 
 
148 
13. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ  ПЕН  ИНФЛЯЦИЯ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТҰРАҚСЫЗДЫҢ   
КӨРІНІСІ  РЕТІНДЕ 
 
13.1. Жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздың  
          көрінісі ретінде 
 
Экономикалық  тұрақсыздықтың  негізгі  белгілері,  ол 
өндірістің  төмендеуі,  жұмыссыздықтың  және  инфляцияның 
болуы. Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық 
жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Толық жұмысбастылықты 
түсіну  үшін    жұмыссыздықтың    типтері  мен  жұмыссыздықтың 
табиғи нормасы түсінігімен танысу керек. 
Жұмыссыздық  –  бұл  әлеуметтік-экономикалық  құбылыс, 
мұнда  еңбекке  жарамды  халықтың  бір  бөлігі  жұмысты  таба 
алмайды.  Жұмыссыз  дегеніміз,  ол  жұмыс  істей  алатын,  істегісі 
келетін, 
жұмысты 
іздейтін 
бірақ 
жұмыс 
орны 
жоқ. 
Жұмыссыздық, қазіргі еңбек нарығына тән ерекшелік. 
Экономистер  жұмыссыздықтың    негізгі  типтерін  айырып 
бөледі: 
1.  Фрикциондық  жұмыссыздық  –    бұнда  жұмыскер  жұмыс 
орнын  ауыстыруына  байланысты.  Кейбір  адамдар    өздерін  
күрделі  және  жоғары  төленетін  жұмыстарды  орындауға  
қабілеттілігін  сезінеді  және  сондай  жұмыс  орындарын  іздейді. 
Ал  кейбіреулері  жұмыс  орындарындағы  талаптарға  сәйкес 
келмей,  ақысы  төмен  жұмыс  іздеуге  мәжбүр  болады.  Қоғамда 
әртүрлі  себептер  бойынша,  мысалы,  институт  бітіріп  жұмыс 
іздейді, армиядан келіп, бір қаладан басқа қалаға көшіп, жұмыс 
іздейді,  кейбірулері  жұмысты  өмірінде  бірінші  рет    іздейді. 
Өзіне  ыңғайлы  жұмыс  іздейтін  әрқашан  да  адамдардың  белгілі 
бір саны болады.  Адамдардың белгілі бөлігі осындай жағдайда 
болады,  сондықтан  да  жұмыссыздықтың  бұл  түрін  тұрақты 
деуге болады. Бұл процестер  еңбек  ресурстарын пайдаланудың 
тиімділігін 
арттыруды 
және 
олардың 
тиімді 
бөлінуін 
қамтамасыз етеді. 
2.  Құрылымдық  жұмыссыздық  –  ҒТП  және  технологиялық 
өзгерістер  нәтижесінде  жұмыс  күшіне  сұраныс  құрылымы  да 


Экономикалық теория 
 
149 
өзгереді.  Кейбір  мамандық  түрлеріне  қажеттілік  қысқарады,  ал 
кейбіреулері  мүлдем  жоғалуы  мүмкін.  Бұрын  болмаған  жаңа 
мамандықтарға  сұраныс  пайда  болады.  Жұмыс  күшінің 
құрылымы  баяу  өзгереді  және  өндірістің  жаңа  құрылымына 
сәйкес келмейді. Құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды 
және қоғамда әр уақытта болады. 
3.  Циклдік  жұмыссыздық  нақты  жұмыссыздық  деңгейінің 
табиғи 
деңгейден 
айырмашылығымен 
түсіндіріледі. 
Ол 
өндірістің  құлдырауына  байланысты  келеді.  Капитал  және 
тұтыну  тауарларына  сұраныстың  жеткіліксіздігі  өндірістің 
қысқаруына  алып  келеді.  Бұл  циклдік  жұмыссыздықтың  пайда 
болуына негіз болады. Бұл жұмыссыздықтың сүйкімсіз типі. Ол 
жалпылама және аурушаң сипатта болады.  
Толық  жұмысбастылық,  жұмыссыздықтың  жоқ  екенін 
көрсетпейді.  Толық  жұмысбастылық  бұл  фрикциондық  және 
құрылымдық  жұмыссыздық  экономикада  сөзсіз  кездесетін 
жағдай,  сондықтан  да  олар  жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейін 
құрайды.  Толық  жұмысбастылық,  бұл  циклдік  жұмыссыздықтың 
болмауы. 
Барлық халықты үш үлкен топтарға бөлуге болады.  
І-топ. Еңбек қабілетіне толмаған жастағы (18 жас) адамдар. 
ІІ-топ.  Жұмысшы  күшінен  шығып  қалғандар  (58  жас 
әйелдерге,  63  жас  еркектерге  үлкен)  және  уақытша  жұмыс 
істемейтіндер  (студенттер,  армиядағы  жастар,  балаға  қарайтын 
әйелдер). 
ІІІ-топ.  Экономикалық  белсенді  халық,  еңбекке  қабілетті  
адамдар (жұмысшы күші). 
Жұмыссыздық деңгейі  тең  жұмыссыздықтар саны еңбекке 
қабілеті  бар  халықтың  жалпы  санына  қатынасы.  Еңбекке 
қабілетті  адамдар  (жұмыс  күші)  –  жұмыс  істейтін  және  
істемейтін  жұмысшылардың жалпы саны. 
 
                               жұмыссыздар саны 
Жұмыссыздық деңгейі =  ─────────────  •   100% 
                           жұмыс күші саны 
 


Н. А. Маженова 
 
150 
Әлемде  табиғи  жұмыссыздық    5-6%  тең.  Осы    деңгейінде 
жұмыссыздықтың 
болуы 
толық 
жұмысбастылық 
болып 
саналады.        ҚР    2011ж.  толық  жұмысбастылық  8168  мың  адам 
болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,7%. 
Жұмыссыздықтың  салдары  –  ол  ЖҰӨ  кем  шығарылуы. 
Жұмыссыздықтың өсуі мен ЖҰӨ төмендеуінің арасында белгілі 
математикалық  тәуелділік  бар.  Бұнда  жұмыссыздықтың  өсуі 
табиғи деңгейінен 1% жоғары болса, ол ЖҰӨ 2,5% төмендеуіне 
әкеледі.  Бұл  өлшемді  анықтауға  Оукен  заңы  деп  атайды. 
Тәжірибеде, нақты жұмыссыздық деңгейін анықтау қиын.  
Еуропаның 
жетекші 
елдерінде 
жұмыссыздық 
өткен 
ғасырдың  көрсеткіштерінен  асып  түсті:  Италияда  8,3%, 
Ұлыбританияда  8,3%,  Германияда  6%,  Францияда  9,7%.  Бұл 
мемлекеттерде жалпы алғанда, 11 млн. жуық жұмыссыздар саны 
бар,  ондағы  жартысына  жуығы  –  жастар.  Әлемде  еңбекке 
қабілетті  жастағы  әрбір  үшінші  жұмысшы  немесе  1  млрд.  100 
млн. адам, мүлдем жұмысы жоқ, немесе күніне 2 долларға өзінің 
жанұясымен өмір сүреді.  
Жұмыссыздықтың  мынадай  шығындары  бар,  ол  өмірсүру 
деңгейінің төмендеуі, мамандығын жоғалту, моральді төмендеу, 
жанұяның  бұзылуы,  қоғамдағы  салықтың  өсуі,  жиынтық 
сұраныстың қысқаруы, әлеуметтік және саяси шиеленістің өсуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет