Исламдағы тазалық жеңіл нәжәсаттың намазға кедергі боларлық мөлшері жеңіл нәжәсаттың намазға кедергі болатын
мөлшері – ластықтың киімнің немесе дененің төрттен
біріне жайылуы. ластықтың көлемі төртте бірден аз
болса намазға кедергі келтірмейді. Ал егер айтылған
шамада немесе одан көп болса жуып тазалау шарт.
Сүйікті пайғамбарымыз тазалыққа көңіл бөлгендердің
берік иман иесі екеніне ишара жасаған.
Құрамында алкоголь бар өнімдерді тұрмыстық мақсатта пайдалану туралы Әтір, иіссу секілді заттар құрамында алкоголь
болғандықтан ауыр нәжіс қатарына жатқызылған. Сол
себепті олардың көлемі алақан аясынан асқан жағдайда
намаз оқуға кедергі келтіреді. Себілген әтірдің денеден
немесе киімнен буланып ұшуы жеткіліксіз, міндетті
түрде сумен жуу керек. Алайда құрамында спирт бар
әтірді қолдану мүбах деп санаған ғалымдар да бар
екенін айта кету керек.
Түркия Дін істері басқармасының алқалы кеңесі-
нің 1943 – 1948 жылдары берген пәтуаларына сүйен-
сек спирт, әтір секілді тұрмыстық заттарды ішімдік
ретінде пайдалану харам, ал алкогольді жарықтандыру,
жылу беру және басқа да химиялық мақсаттарға
жұмсауға ешқандай шектеу қойылмайды.