Қоршаған орта тазалығы Сүрту арқылы тазарту Егер пышақ, шыны, тегіс тақтай секілді
6
заттар былғанса ылғал немесе құрғақ дәкемен,
шүберекпен сүртсе тазарған болып саналады. Тек
былғанышты толықтай кетіру шарт. Нақышталып
ойып жасалған бұйым түрлерін сүрту жеткіліксіз,
мұндай заттар мұқият жууды талап етеді.
Қыру, жону немесе үгу ішкиімге не көйлек-жейдеге, т.б. киімдерге тиген
6
ұрық сұйықтығы (сперма) құрғап, кеуіп кетсе үгіп
кетіруге болады. одан қалған із намазға тосқауыл
болмайды. Киімге тиген сұйықтық кеппеген болса
мұны тек жуып кетіру жөн. Денеге тиген ұрық
сұйықтығын құрғаса да жуып кетіру қажет.
Тоңған майға нәжәсат түссе, сол тұсты жонып алып
6
тастау арқылы тазалау жеткілікті.
Аяқкиім, мәсіге жұққан нәжісті құрғақ болса
6
үгіп, қырып тазартуға болады. Ал ластық ылғал
болса жуып немесе таза шүберекпен жақсылап
сүртіп тастау керек. Егер нәжәсат зәр немесе
шарап секілді көзге көрінбейтін сұйық зат болса,
былғанған тұсты мұқият жуу немесе сабындалған
шүберекпен жақсылап сүрту қажет.