Қоршаған орта тазалығы абзал. Екіншіден, иттің көптеген аурулардың тасымал-
даушысы екені медициналық тұрғыдан дәлелденген.
Үшіншіден, ит жолдан өткендерді, қонаққа немесе
бірдеме сұрай келгендердің үрейін ұшыра үріп, үйге
кіргізбейтіні де белгілі.
Макияж, шаш бояуы, қына, шаш кремін қолдану туралы Әйелдің ислам рұқсат берген шеңберде ажарла-
нып бойын күтуге толық мүмкіндігі бар. Исламда
әйелге тек күйеуі үшін әрленуге рұқсат беріледі. Со-
нымен қатар, қына, сүрме секілді табиғи косметикалық
құралдарды пайдалануға да шектеу қойылмайды.
Бұған қоса Ислам, әйелдің жібектен киім киіп, алтын-
нан әшекей тағуына тыйым салмайды. Алайда дініміз,
әйелдердің көшеге опа-далап жағып, барын киіп жа-
санып шығуын, мұнысымен өзгелердің назарын өзіне
аударғанын құптамайды.
Ал енді макияж мәселесіне тоқталсақ, мұндай
әсемдік бұйымдарының құрамында діни тұрғыдан
тыйым салынған нәрселердің бар екендігі анықталған
жағдайда бұдан бас тартқан жөн. Мәселен, құрамында
доңыз майы қоспасы болса немесе қолданған кезде жұқа
қабықша түзіп денеге су өткізбейтін болса опа-далап,
лакты пайдалануға болмайды. Шашты жылтырататын,
түрлі түске бояйтын крем, бояуларға да сақ болған
жөн. Қолданылатын бояудың және лактың су өткізбей-
тінін алдын ала анықтаған артық емес. Қабықша
түзбейтін, су өткізетін бояумен шаш бояудың, лакты
пайдаланудың әбестігі жоқ. Қала берді шашқа қына
жағудың сүннет екені белгілі.