Исламдағы тазалық
Ал енді шашқа арналған гельге келетін болсақ,
бұлар су құйғанда сабын секілді көпіршіп, ағып кететін
болса, ғұсылға кедергі жасамайды. Алайда гель шашқа
суды өткізбесе ғұсыл жарамсыз саналады.
денеге сурет салғызудың (татуаж) үкімі
қандай? денеге салынған суреттер ғұсылға
кедергі бола ма?
Хадистерде денеге пайдасыз, тіпті денсаулыққа
зиян әшекей сурет салғызудың мұсылманға жат қылық
екені айтылады. Пайғамбарымыз денеге қилы пішінде
сурет салғызуды жөн көрмеген, тіпті суретті салғызған
да, салған да қарғысқа лайық болатынын ескерткен
106
.
Денесіне ертеректе сурет салдырып, сосын мұның
дінге қайшы екенін кеш білген адам, крест секілді
бұрмаланған діннің белгісі немесе моральға қайшы
бейәдеп сурет болмаса қиналып өшіруге талпынбай-
ақ қойғаны жөн. Денеге сурет салудың түрлі тәсілдері
болса да ол әдетте терінің астына бояу енгізу жолымен
жасалатындықтан, дәретке, ғұсылға кедергісі жоқ.
Денеге сурет салғызу діни тұрғыдан тиым салы-
нумен қатар, денсаулыққа да зиянды. Еуроодақ ко-
миссиясы жастар арасында денеге сурет салғызудың
(татуаждың), пирсинг жасаудың тым көбейіп кеткенін,
бұл іс-әрекеттердің денсаулыққа едәуір зияны барын
мәлімдеді. Қазіргі таңда медицинада денеге пирсинг
жасататындар мен сурет салғызатындар арасында
бауырдың қабынуы, жИТС, саңырауқұлақтың пайда
болуы, аллергия, туберкулез, сіреспе, терінің қатерлі
106
Мүслим, әл-либас, 119; Бұһари, әл-либас, 82-87.
135
Достарыңызбен бөлісу: |