Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет150/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Ас-судың тазалығы
Адамның  азық-түлікке  түкірік,  қақырық  тигізу-
ден  сақтанғаны  жөн.  1  грамм  түкірікте  жүз  милли-
он,  1  грамм  сіңбірікте  он  миллион  бактерия  жүреді. 
Адамдардың  30-50  пайызының  мұрын  қуысында 
тағамнан  уландыратын  «стафилококк  (stafilococcus 
aureas)» бар екені көзі қарақты оқырманға белгілі болса 
керек. Бұл көрсеткіш аурухана қызметкерлері арасын-
да  80-90%-ға  дейін  көтеріледі.  Әдетте  ауыз,  мұрын 
және  тыныс  алу  жолдарындағы  бактериялар  тыныс 
алу барысында, сөйлегенде ауаға тарайды. жөтелгенде, 
түшкіргенде,  дауыстап  сөйлегенде  мұның  көлемі 
тіптен арта түседі. Күшті жөтел қысқанда ауыздан 5000 
тамшы,  ал  түшкіргенде  1000000-нан  астам  тамшы 
ауаға  тарайды  екен.  Бұл  тамшылар  ауада  бірнеше 
сағат тұрақтайды. Дастарқан басында түшкіру, жөтелу 
арқылы ауыздағы, тыныс алу жолдарындағы бактерия-
ларды тамаққа оп-оңай жұқтырамыз. 
Сондай-ақ,  үй  жануарлары  мен  шыбын,  тарақан, 
кемірушілер  микроб  жұқтырмас  үшін  азық-түлікті, 
суды жабық ыдыстарда ұстаған жөн. Бірақ, адамдардың 
барлығы  бірдей  қолайлы  жағдай  жасалған  үйлер  мен 
пәтерлерде  тұрмайды.  Тұрмыс  жайымен  жер  үйде, 
киіз үйде үй жануарларымен, шыбын-шіркеймен және 
кемірушілермен  қоян-қолтық  өмір  сүретін  адамдар 
да  аз  емес.  Түрлі  жәндіктерден  микроб  жұқтырудың 
алдын алу үшін мұндай шарттарда өмір сүретіндердің 
азық-түлікті  жабық  ыдыста  ұстауға  аса  мән  бергені 
жөн.  Қала  берді  пәтерлер  мен  үйлердегі  тарақандар 
бізбен  табақтас  болып  ашық  қалған  тамақпен,  ас 
қалдықтарымен қоректенеді. Сондықтан сақтық шара-


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет