Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет151/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
лары ретінде азық-түліктің, қалдық салынған ыдыстың 
беті үнемі жабық тұруы, бұзылған ас қалдықтары дер 
кезінде сыртқа шығарылып, төгілуі тиіс. 
Қолды  жуу,  мұрынды  таза  ұстау,  тырнақты  алу 
және  дәрет  сындырған  соң  қолды  жақсылап  жуу  ту-
ралы  Пайғамбарымыздың  ақыл-кеңестері  тағамның 
тазалығында  профилактикалық  шара  ретінде  өте 
маңызды. Бұл жерде Пайғамбарымыздың тамақты ми-
кробтардан  қорғау  туралы  хадистерін  еске  салғанды 
жөн  көрдік:  «Ыдыстардың  бетін  жабық  ұстаңдар. 
Торсықтардың аузын байлаңдар. Себебі, жылдың бір 
түнінде оба келеді. Қақпағы жабылмаған немесе аузы 
байланбаған ыдысқа оба жұқпай қоймайды» делінген
оба бүрге арқылы жұғумен қатар оба жұқтырған 
адамның өкпесі қабынса, жөтелмен, түшкірумен ауаға 
тарап өзгелерге де жұғады. Ертеректе обамен ауырып 
өкпесі  қабынған  адам  міндетті  түрде  дүние  салатын. 
Еуропада бір дәрігер өзінің латынша жазған хатында 
бір түнде төрт мың адамның обадан қайтыс болғанын 
жазады.  Міне,  оба  келгенде  ауамен  кең  жайылып 
осындай  эпидемиялық  сипат  алатын.  Хадисте  ыды-
старды жабық ұстау сөз болады. Тек оба ғана емес өзге 
де ауру қоздырғыштар ауамен тарап, ашық ыдыстағы 
азық-түлікке қонуы мүмкін. Беті ашық ыдыста тамақ 
тасыған  кезде  байқаусызда  түшкіріп  қалсаң  болғаны, 
тамаққа ауамен микроб қонуы ғажап емес. 
Көптеген жұқпалы ауру түрлері адамға ішкен судан, 
жеген  тамақтан  жұғады.  олай  болса,  суды,  тамақты 
микробтардан таза ұстауға, қажетті гигиеналық талап-
тарды сақтауға көп көңіл бөлген жөн.  


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет