Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет154/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Ас-судың тазалығы
сады. Күні бүгінге дейін жасалған зерттеулерде трихи-
наны жоюдың не болмаса зарарсыздандырудың тәсілі 
табылмағанға  ұқсайды.  Статистикалық  мәліметтер 
бойынша,  доңыз  етін  тұтынатын  адамдар  санатын-
да трихина себепші болатын аурулар көрсеткіші тым 
жоғары екен.
Сондай-ақ,  доңыздың  етін  жеу  арқылы  адамда 
жаңа табиғи түйсік пайда болуы мүмкін, яғни адамның 
мінез-құлқы өзгеріп, жан дүниесінің суалуы ықтимал. 
Доңыздың  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  бойында 
қызғаныш  сезімінің  болмауы.  Мұның  адамға  тигізер 
зардабы  трихинадан  да  өткір.  жалпы  бұл  мәселеге 
нүкте  қойылған  жоқ.  Асылы,  ешқандай  мәселеде 
иләхи  кәламнан  (сөзден)  артық  сөз  айту  мүмкін 
емес.  Сол  себепті  доңыз  етінің  харам  болу  себептері 
ретінде бүгінгі күні ғылымда әлі зерттеліп үлгермеген 
мәліметтер  алға  тартылуда.  Күні  ертең  оның  тағы 
қандай  кемшіліктері  жарыққа  шығарын  кім  білсін? 
Қалай  болғанда  да  мәселені  «зиянды  болғаны  үшін 
харам» деген тұрғыдан біржақты қарастыру қате әрі 
орынсыз.  Доңыз  етін  жеу  –  Аллаһ  тыйым  салғаны 
үшін  харам.  Сондықтан  күндердің  күнінде  біреулер 
«күллі зиянды қасиеттерін құрттық» деп жар салса да 
аталған  үкімде  өзгеріс  бола  қоймайды.  Өйткені,  сол 
уақытта белгілі болған мәліметтерге сүйене отырып 
мәлімдеме жасалады. Ал бұл өткінші, тек сол күннің 
шындығы болғандықтан доңыз бәрібір тұтастай таза 
саналмайды. 


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет