Исламдағы тазалық Тауықты бауыздағанда, қауырсынын жұлғанда қандай талаптар сақталуы қажет? Біріншіден, тауықты бауыздау мәселесіне келсек,
бұл туралы Құранның үкімі мен Пайғамбарымыздың
сүннеті айқын, бауыздағанда Аллаһтың атын айту
керек. Құран: «Аллаһтың атын ауызға алмай сойған- дарыңды жемеңдер!»– дегенді жиі-жиі ескерткен.
Тауықты бауыздау кезіндегі көңілге күдік ұялататын
жайттардың бірі де осыған тікелей қатысты.
Қазіргі таңда құс фабрикаларының түрлі техно-
логиялар мен әдіс-тәсілдер қолданатыны шындық.
Бірсыпыра құс өсіруші кәсіпкерлер тауықты біртекті
етіп қолмен бауыздатса, енді біреулері автоматты
машинаның көмегіне жүгінеді. Бұл екі жағдайда да
бісміллә айтылуы шарт. Алайда қол еңбегін пайда-
ланатын құс өсірушілер әр тауықты бауыздағанда
бісміллә айтудың мүмкіншілігі жоқтығын екі се-
кундта үш тауық бауыздайтындардың бұған шамасы
келмейтінін, үлгермейтіндігін алға тартады. Ислам
құқық кітаптарында осыған ұқсас жағдайларда
бісміллә айту ұмытылса, сойылған малдың еті
халал болатындығы баяндалған. Яғни, қасап үзбей
бауыздаған 100 тауықтың екі-үшеуіне «бісміллә»
айтуды ұмытса немесе үлгермесе бұл түсінерлік жай.
Дегенмен бісмілләні еш ауызға алмау аяттың әміріне
құлақ аспау болып табылады.
Автоматты машинамен бауыздағанда әр тауыққа
бісміллә айту техникалық тұрғыдан мүмкін де емес.
Өйткені, конвейерлік жүйемен үзбей келіп тұрған
тауықтар айналмалы (дөңгеленген) пышақпен, яғни