Ас-судың тазалығы адам қолының қатысуынсыз бауыздалады. Сонда
Аллаһтың атын ауызға қашан және қалай аламыз?
Бұл мәселеге салыстырмалы түрдегі ұқсас жағ-
дайды фикх кітаптарында аңшылыққа байланысты
үкімдер баяндалған бөлімдерден табуға болады.
Мәселен, бір оқпен бірнеше құсты атып алған аңшының
бүкіл олжасы халал. Себебі, оқ атқанда ауызға алынған
бісміллә атып алынған бар құсқа жеткілікті. онда са-
лыстырмалы түрде автоматты машинаның тетігін
қосқанда айтылған «бісміллә» машина жұмысын
доғарғанға дейін сойған тауықтарға жеткілікті болса
керек. Аллаһтың атын ауызға алудан түбегейлі бас
тартқанша, тым құрыса машинаны қосқан сайын
бісміллә айту арқылы мұны діни негізі бар мәселе
деңгейіне көтеруге болады.
Тауықтардың қауырсынын жұлғанда да түрлі
тәсілдер қолданылады. Әдетте бауыздалған тауықтар
ыстық су толы астауларға малынып, қауырсындары
желім оқтаулармен жұлынады. Мұнда екі нәрсеге мән
берген жөн: біріншісі, судың температурасы, екіншісі
тауықтың суда ұсталған уақыты.
Тауықты қауырсыннан тазарту кезінде қолданы-
латын судың температурасы ет пісіретіндей ыстық бол-
мауы тиіс. Әйтпесе қайнаған судың әсерінен босаған
теріден, кеңірдек пен бөтегеден тауықтың денесіне
нәжәсат сіңіп, етті бүлдіреді. Сондықтан судың темпе-
ратурасы 50-55°С-тан аспауға тиіс. Тауықтың терісін
жұмсартып, қауырсынын жұлу үшін суды бүркіп
шашқан дұрыс. Бұл тәсіл сақталмаған жағдайда тауық
алдыңғылардың нәжісімен былғанған астауға баты-
рылатын болса, мұны мүбаһ деп қабылдау қиын. Егер